Қызылорда облысының табиғат қорғау прокуратурасымен 223 азаматтың құқығы қорғалды

29 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
 Қызылорда облысының табиғат қорғау прокуратурасымен 223 азаматтың құқығы қорғалды - 1055290673

     Қызылорда облысының табиғат қорғау прокуратурасымен Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364-бабымен азаматтардың заңсыз әкімшілік жауапқа тартылғаны анықталды.

    Нақтылағанда, жергілікті атқарушы органмен бекітілмеген ортақ су пайдалану ережелерiн басшылыққа алып, полиция қызметкерлері барлығы 223 жеке тұлғаны заңсыз әкімшілік жауаптылыққа тартқан.

     Анықталған заң бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесінде 223 азаматтың құқықтарық орғалды.

     Заңдылықты бұзғаны үшін 5 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қызылорда облысының табиғат қорғау прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу