Қызылорда прокурорлары Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылады

08 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда прокурорлары Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылады.

Жаңа мақала «Рухани жаңғыру» бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылатыны атап өтілді. Бұл Ұлт көшбасшысы қоғамның рухани дамуының барлық негізгі бағыттарын айқындайтын кеңейтілген, аса мазмұнды, егжей-тегжейлі жоба.

Прокурорлар мақала қатысты пікір алмасып, өздерінің пікірлерін бөлісті.

Көптеген прокурорлардың пікірінше, ұлттық тарихқа жаңа көзқарас қалыптастыруға, жас ұрпақтың тарихи тамырларын түсінуге бағытталған.

Өткен ұрпақ мұрагерлік қағидаттарына сәйкес 2013 жылы Қызылорда облысының прокуратурасында С.Ескараев атындағы ведомстволық мұражай ашылған болатын.

Мұражай қоры 20 және 21 ғасырдың экспонаттары мен материалдарымен толықтырылған. Ардагерлердің батырлық ерліктері мен прокурорлар жөнінде, тұтастай алғанда аймақтың даму тарихы туралы жиналған фотосуреттер, жеке заттар және кең көлемді материалдарды көруге болады.

Мұражайда Қазақ КСР-нің және Қазақстан Республикасының бірінші прокурорларына, облыстық прокуратураның ардагерлері мен егеменді Қазақстан прокуратурасы туралы материалдарға арналған секциялар бар.

Оның тыныс-тіршілігімен тек прокуратура қызметкерлері ғана емес, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ардагерлер және олардың туыстарына таныса алады.

Мемлекет басшысының саясатынан кейін, Қызылорда облысының прокурорлары жоғарыда аталған саяси құжаттарды насихаттауға өз үлестерін қосады.

 

Қызылорда облысының прокуратурасы

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу