Қызылорда прокурорлары шалғай елді-мекендегі қоғамдық көліктің мәселесін шешті

13 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда қалалық прокуратурасы қалалық әкімдіктің қызметіне талдау жүргізу барысында шалғай елді-мекендердегі тұрғындарды тиісті деңгейде тасымалдамау фактісін анықтады.  

Атап айтсақ, 2011 жылдан бастап «Бірқазан» елді-мекенінде тұратын тұрғындар үшін қоғамдық көлік ұйымдастырылмаған

Облыс орталығына жету үшін 200 адам әрдайым Батыс Қытай-Батыс Еуропа тас жолына дейін 1 шақырымнан астам жолды жаяу жүріп, сосын қалаға дейін жеке таксимен жетіп отырған.  

Прокурорлық ықпал ету актісімен орын алған мәселе шешімін тапты. Жергілікті атқарушы органмен Қызылорда қаласы бағытына аптасына 3 рет қатынайтын 2 қоғамдық автокөлігінің маршруты бекітілді. 

Бұл жағдайға әкімдіктің кінәлі тұлғалары тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу