Қызылорда прокурорлары Жаңа жылдың кештен бас тартып, оның орнына прокурорлар мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар табыс етті

27 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облыстық прокуратурасының қызметкерлері Жаңа жылдық кештен бас тартып, әлеуметтік төмен отбасындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға сый тарту етті.

25 желтоқсан күні Жаңа жыл қарсаңында облыс прокуроры Х.Дәуешовтің бастауымен 2 жыл бойы қамқорлыққа алынған осындай бала-бақшалардың бірінде болды.

Шара барысында облыс прокуроры инклюзивті білім беру мүмкіндіктері, мүгедектігі бар балаларды атқа мінгізіп сауықтыру әдісі, мұғалімдер мен тәрбиешілердің күнделікті жұмысымен танысты.

Сонымен қатар, облыстық прокурор балабақша әкімшілігіне алғысын білдіріп, балаларға бағалы сыйлық - сандық теледидар, сондай-ақ облыстық прокуратура қызметкерлерінің сыйлықтарын табыс етті.
Өз кезегінде, балалар концерттік бағдарламада би билеп және ән айтып, өздерінің алғысын білдірді.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу