Қызылордада алаяқтыққа қарсы іс-шаралар талқыланды

22 ақпан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облысының прокуратурасында 17 облыстық мемлекеттік органдардың және ұялы байланыс операторлары (Kcell, Beeline, Tele2) басшыларының қатысуымен алаяқтықпен күресудің өзекті мәселелері бойынша ведомствоаралық жиын болып өтті.

Ағымдағы жылдың басынан бері өңірде алаяқтықтық фактілері 71% -ға (52-ден 89-ға дейін) өскен.

Мысалы, Қызылорда қаласының тұрғыны 60-тан астам азаматқа жұмысқа орналастыруға уәде беріп, әрқайсысынан 100 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейін алаяқтық жолмен ақша алған. Жалпы келтірілген залал 6 млн.-нен теңгеден астам қаражатты құрайды.

Нәтижесінде, ол елден кетуге әрекет ету барысында Шымкент қаласының әуежайында ұсталған.

Кездесу барысында қазіргі заманғы технологиялар, атап айтқанда ұялы телефондар мен интернет арқылы жасалатын қылмысқа қарсы күрес мәселелерін талқылады.

Іс-шара қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға, ұялы байланыс операторларына және Ұлттық Банктің облыстық филиалына тұрғындар арасында алаяқтықтың алдын-алу жұмыстарын, оның ішінде жаңа формалары мен түрлеріне қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу  ұсынылды. 

 

Қызылорда облыстық прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу