Қызылордада бизнесті қорғау мәселесі талқыланды

23 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облыстық прокуратурасында мемлекеттік органдар тарапынан бизнеске заңсыз араласудан қорғау мәселесіне қатысты заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы болып өтті.

Шараға облыс әкімінің орынбасары, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының өкілдері, мемлекеттік органның басшылары қатысты. 

Облыс прокуроры іс-шараны аша отырып, Елбасының бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалаудан қорғауды арттыру жөніндегі тапсырмасы бойынша қабылданып жатқан шараларға назар аударды.

Лауазымды тұлғалар тарапынан ауылшаруашылық, құрылыс, білім мен денсаулық салаларындағы кәсіпкерлік қызметке жиі араласу дерегін атап өтті. 

Мысалы, 2017-2018 жылдары осы тектес бұзушылықтар бойынша 24 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, олардың 23 сотқа жолданып, 12 тұлға түрлі жазаға сотты болды. 

Мысалы, ағымдағы жылы Қазалы ауданындағы  Басықара ауылдық округінің әкімі Ғ.Сейсенов кәсіпкерлік қызметті іске асыру үшін  3 гектар жерді бөлу үшін  700 мың теңге пара алу үстінде әшкереленді.

Дәл осындай жағдай Қызылорда қаласы Белкөл кентінің әкімі А.Ибрагимнің тарапынан да орын алған.

Сот үкімімен біріншісіне 10,5 млн теңге, Ғ.Сейсеновке – 21 млн тенге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Үйлестіру кеңесінде аталған салада бірқатар мәселелерге назар аударып, шешімі отырыс хаттамасында көрсетілді. 

 

Қызылорда облыстық прокуратурасы

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу