Қызылордада Консультативтік кеңестің бірінші отырысы өткізілді

26 қаңтар 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Үстіміздегі жылы Қызылорда облыстық прокуратурасында заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі Консультативтік кеңестің бірінші отырысы өткізілді.

Оның құрамында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің ректоры, «НұрОтан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «Атамекен» облыстық кәсіпкерлік палатасының директоры, облыстық ькәсіпкерлер Ассоциациясының президенті, облыстық прокуратураның ардагерлері, БАҚ және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар.   

Консультативтік кеңестің мақсаты құқықтық тәртіпті күшейту, мемлекеттің құқықтық саясатын жүзеге асыруда ықпал ету, облыстық прокуратурамен үкіметтік емес ұйымдардың, облыс тұрғындарының өзара қарым-қатынасын одан әрі дамыту және жетілдіру болып табылады.

Отырыстың қорытындысымен Кеңес төрағасы болып Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің ректоры Қылышбай Бисенов сайланды.

Аймақ үшін бірқатар өзекті мәселелерді талқылаған соң, Кеңес мүшелері ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасы

 

  

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу