Қызылордада «Өмірлік қиын жағдайдағы отбасы мен баланы қолдау орталығы» ашылды

05 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылордада «Өмірлік қиын жағдайдағы отбасы мен баланы қолдау орталығы» ашылды - 348580836

Бас прокуратураның «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасын жүзеге асыру аясында, облыс әкімдігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша Қызылорда облысында  «Өмірлік қиын жағдайдағы отбасы мен баланы қолдау орталығы» ашылды.

Орталық - арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау, өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасыларды әлеуметтік оңалту және жетілдіру бойынша қызметтер көрсететін болады.

Орталықта өмірлік қиындықтарды еңсеру үшін қажетті құжаттарды жинау, оның ішінде жоғалғандарын қалпына келтіру, жұмысқа орналастыру, медициналық, психологиялық сүйемелдеу және басқа да арнаулы әлеуметтік қызметтер ұйымдастырылуда.

Бүгінгі таңда, Орталық мұқтаж жағдайдағы нақты 22 отбасы үлгісінде бірлескен іс-қимыл дағдыларын игеріп, әрқайсысы бойынша оңалту жоспарын қалыптастырды.

Бұны біз қалай бастадық?

Бастапқыда мұндай отбасылардан шыққан балалар оқитын Қызылжарма, Сабалақ, Тасбөгет, Гагарин, Титов, Шанхай мөлтек аудандарындағы 10 қалалық мектеп іріктеліп, мектеп мәліметтері негізінде әлеуметтік сүйемелдеуді қажет ететін 345 отбасының деректер банкі құрылды.

Білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, жергілікті полиция қызметі, әділет, АХАЖ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы және үкіметтік емес ұйым өкілдерінен ведомствоаралық команда құрылды.

Облыстық прокуратураның үйлестіруімен 30.11.2017ж. жұмысшы топтың алғашқы кездесуі дөңгелек үстел түрінде өткізілді.

Кездесу аясында қатысушылар Орталықтың қызметімен және қолайсыз отбасыларды әлеуметтік оңалту үшін мемлекеттік құрылымдармен көрсетілетін қызмет түрлерімен танысып, нақты мысалдар қолдану арқылы өзара әрекет жасасу дағдыларын меңгерді.

 

Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Қызылордада «Өмірлік қиын жағдайдағы отбасы мен баланы қолдау орталығы» ашылды - 1094700573
Қызылордада «Өмірлік қиын жағдайдағы отбасы мен баланы қолдау орталығы» ашылды - 51735132
Қызылордада «Өмірлік қиын жағдайдағы отбасы мен баланы қолдау орталығы» ашылды - 717210029

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу