Қызылордада жедел-іздестіру құжаттарын бұрмалаған полиция қызметкері сотты болды

14 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қармақшы аудандық прокуратурасы полиция қызметкерінің ведомстволық көрсеткіштерді жақсарту үшін жедел-іздестіру құжаттарын бұрмалау дерегін анықтады.

Нақтыласақ, криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілі бұрын сотты болған Е.-ні ақталмайтын негіз бойынша қысқартауға жататын екі ұрлық жасады деген көндіріп, осылайша қылмыстың ашылуының жалған тиімділігін көрсеткен.

Жалған куәгердің көрсетімі бойынша полиция қызметкері осы айла-шарғыға қатысқаны үшін сыйақы уәде еткен.

Бұдан бұрын аз.Е. бөтен мүлікті ұрлағаны үшін 26 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып, тараптардың татуласуымен іс қысқарған.

Соттың үкімімен ҚК-тің 416-бабы 3-бөлімімен жедел-іздестіру құжаттарын бұрмалағаны үшін бұрынғы полиция қызметкері екі жылға бас бостандығынан шектелді.

Үкім заңды күшіне енді.  

 

Қызылорда облыстық прокураурасының баспасөз қызметі

          

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу