Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзған әкімдер жазаланды

30 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекеттік сатып алулар  - сыбайлас жемқорлық көріністері мен бюджеттік қаражатты тиімсіз шығыстау тәуекелдері жоғары салалардың бірі.

         Бұл салаға қадағалау аудандық прокуратурамен үздіксіз жүргізілуде.

         Аудандық прокуратураның талдауымен жергілікті кент және ауылдық округ әкімдері тарапынан бюджеттік қаражатты негізсіз аудару, мүгедектер құрған ұйымдардан тиісті тауарлар мен қызметтерді сатып алмау және басқа да заң бұзушылықтарға жол берілгені анықталған.

Мысалы, Жалағаш кентінің әкімі Ғ.Т. аудандық мәдениет үйінің шатырын ағымдағы жөндеу жұмыстары шарт бойынша белгіленген мерзімде аяқталмаса да, мердігер мекемеге 7,1 млн. теңгені негізсіз аударған. Сонымен бірге кент әкімі мердігерді мемлекеттік қызметке жосықсыз қатысушы ретінде тану үшін сотқа жүгінбей, тұрақсыздық айыбын өндірмеген.

Аудандық прокуратураның ұсынуы бойынша кент әкімі Ғ.Т.-ның бұл әрекеті Қызылорда облысының Әдеп кеңесінде қаралып, шешім қабылдау барысында мердігерге құқыққа сыйымсыз қолдау көсеткені үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» жазасына тартылды.

Осыдан бөлек кент әкімі Ғ.Т.-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабының 10-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуы, мердігерден 232000 теңге тұрақсыздық айыбы бюджетке өндірілуі қамтамасыз етілді.

Талдау қорытындысымен енгізілген прокурорлық қадағалау актілері бойынша 5 ауылдық округ әкімдері және 8 қызметкер тәртіптік жауаптылыққа тартылған.

Бұл бағыттағы жұмыстар аудандық прокуратурамен үнемі жүргізілетін болады.

Жалағаш ауданының прокуратурасы