Мүгедек жандардан салық ұстау тәжірибесінің жолы кесілді

08 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қармақшы аудандық прокуратурасы мүгедек жандардан салық ұстау дерегін анықтады.

Атап айтсақ, Салық кодексінің 346-бабын бұза отырып, аудандық орталық ауруханасының 11мүгедек-жұмысшысынан заңсыз салық ұсталынған.

Осыған байланысты аудандық прокуратура Қармақшы аудандық орталық ауруханасы дәрігерінің атына заңбұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізді.

Кадағалау актісі негізінде мүгедек жандардан салық ұстаудың жолы кесіліп, оларға 1 млн теңге көлемінде қаржылары қайтарылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу