Нұр-Сұлтан күніне орай Қызылорда облыстық прокуратурасының ұйымдастыруымен шағын футбол және волейболдан турнир өтті

22 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Нұр-Сұлтан күніне орай Қызылорда облыстық прокуратурасының ұйымдастыруымен шағын футбол және волейболдан турнир өтті - 322529396

ҚР Бас Прокурорының 22.11.2013 жылғы №109 бұйрығының талабына сәйкес, Қызылорда облыстық прокуратура қызметкерлерінің дене шынықтыру дайындықтары үнемі жүргізілуде.

Тұңғыш Президент – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялаған бастамасын қолдай отырып облыс прокурорының ұйымдастырумен 13.07.2019ж. күні Қызылорда облыстық прокуратура органдары қызметкерлерінің арасында шағын футбол және волейболдан турнир өткізілді.

Турнирдің басты мақсаты - прокуратура органдары қызметкерлерін салауатты өмір салтына ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу.

Ұйымдастырылған турнирге қалалық, аудандық, көлік, әскери, табиғат қорғау прокуратуралары мен Қызылорда облысы бойынша ҚСжАЕЖБ қызметкерлері толық атсалысып қатысты.

Турнир қорытындысымен, шағын футболдан 1-ші орынды Қызылорда қалалық прокуратурасы, 2-ші орынды Қызылорда облыстық прокуратурасы, 3-ші орынды Қызылорда көлік, Әскери, Табиғат қорғау прокуратураларынан жасақталған «Арнайы прокурорлар» командасы иеленді.

Волейболдан 1-ші орынды Қызылорда облыстық прокуратура командасы иеленсе, 2-ші орынды Қызылорда қалалық прокуратурасы,   3-ші орынды Қызылорда облысы бойынша ҚСжАЕЖБ командасы иеленді.

Турнирдің жеңімпаздары алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

           Қызылорда облыстық прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу