Пробация қызметінің есебіндегілерге бақылау күшейтілді

14 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Пробация қызметінің есебіндегілерге бақылау күшейтілді - 514337290

Қызылорда облысының прокуратурасы пробациялық бақылаудағылардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бағытында кездесу ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Арал, Қазалы аудандарынан бастау алған жұмыстар барысында жиын өткізіліп, қайта қылмыс жасауды болдырмау, оларды жұмысқа орналастыру, кәсіби мамандықтарға оқыту, кәсіп ашуға мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер мен қажетті медициналық ем қабылдау, психологиялық — әлеуметтік көмек алу жолдары түсіндірілді.

Облыс прокурорының орынбасары Д.Катаев сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайларына барып, олардың отбасы мүшелерімен кездесіп, тұрмыстық жағдайларымен танысты.

Сондай-ақ қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адамдардың құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша енгізілген өзгерістерге де түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бұл бағыттағы жұмыстарды белсенді жүргізу нәтижесінде қайта қылмыс жасау фактілері төмендеуде.

Аталған шара өңірдің барлық аймағында жалғасуда.

 

Қызылорда облысының прокуратурасы

 

Пробация қызметінің есебіндегілерге бақылау күшейтілді - 1769602525
Пробация қызметінің есебіндегілерге бақылау күшейтілді - 683168251
Пробация қызметінің есебіндегілерге бақылау күшейтілді - 945606415
Пробация қызметінің есебіндегілерге бақылау күшейтілді - 1224156766