Прокуратурада біліктілікті арттыру курстары өтті

29 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокуратурада біліктілікті арттыру курстары өтті - 1490820335

Ағымдағы жылдың қазан айының 22 мен 25 аралығында ҚР Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының Қызылорда облысы бойынша өкілі Н.Жаниевпен Қызылорда обыстық прокуратурасымен бірігіп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. Құқық қолдану практикасы және прокурорлық қадағалауда ұйымдастыру мәселелері» тақырыбында құқық қорғау қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсыөткізілді.

Курстың басты мақсаты — қаралып отырған санаттағы қылмыстық істерді тергеп-тексерудің сапасын жоғарлату үшін қажетті білімдерді дағдылану.

Аталған біліктілікті арттыру курсына лекторлар ретінде облыс прокурорының аға көмекшісі Н.Тұрсынбеков, басқарма басшылары Е.Тажбенов пен Ж.Жусупов, қалалық сотының судьясы К.Кусекеев,  ҚСжАЕК-ніңҚызылорда  облысы бойынша басқармасының қызметкерлері, сарапшылар,тәжірибелі психолог мамандар,Мемлекеттік басқару Академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының және Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары тартылды.

Курс барысында сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстарды анықтау, ашу және тергеп-тексеру ерекшеліктері зерттеліп, осы санаттағы қылмыстық істер бойынша сот сараптама жүргізудің өзектімәселелері және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу ерекшеліктері қаралды.

Курс барысында тындаушылар алынған білімдер мен дағдыларды практикалық қызметте пайдалану туралы пікірлермен алмасты. 

Тындаушылар теориялық және практикалық дағдыларын үйренгенін, осы тектес курстардың өзектілігі мен қажеттілігін атап өтіп, ұйымдастырушыларына өз алғыстарын білдірді.

 

 

Прокуратурада біліктілікті арттыру курстары өтті - 1446690875
Прокуратурада біліктілікті арттыру курстары өтті - 1378227923
Прокуратурада біліктілікті арттыру курстары өтті - 543541077

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу