Прокурорлық қадағалау актісінен кейін 900 мүгедек тегін дәрілік заттармен толық қамтылды

27 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокурорлық қадағалау актісінен кейін 900 мүгедек тегін дәрілік заттармен толық қамтылды - 2127972177

         Мүгедектердің құқықтарының қорғалуы мен сақталуы прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады.

         Арал ауданында аталған бағытта жүргізілген талдаулардың нәтижесінде:

1.Мүгедек балалардың аудандық психологиялық-педогогикалық түзетукабинеті(инклюзивті білім беру кабинеті) талаптарға сай келмейтіні;

2.Аудан бойынша І-топтағы 135 мүгедекке 100 жеке көмекшілермен көрсетілетін қызмет уақыты 2 сағаттан аспай, мүгедектердің құқықтары шектелгені;

3.Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің(бұдан әрі-ТМККК) шеңберінде амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз етуге жататын диспансерлік есепте тұрған900 мүгедектігі бар науқастарға тегін рецептілер мүлдем жазылмай, конституциялық құқықтары бұзылған;

4. «Қант диабеті»ретінде тіркелген науқастардың нақты дәрі-дәрмек алғанына қарсы тексеру барысында жазылған рецептілер бойынша науқастардың тегін дәрімен мүлдем қамтамасыз етілмеген бірнеше дерегіне жол берілген;

5.Мүгедектерді тасымалдайтын, инватакси қызметін көрсететін көліктің талапқа сай еместігі анықталды.

1. Атап айтқанда, аудан көлемінде бір инклюзивті білім беру кабинеті жұмыс істеп тұрса, онда не бәрі 3 арнайы маман ғана қызмет атқаруда.

Ал, қолданыстағы заңнама талаптарына сайолигофренопедагог, сурдопедагог, әлеуметтік педагог, емдік дене тәрбиесі нұсқаушысы, музыкалық ырғақ бойынша педагог, әдіскер, тәрбиеші, медбике-массажист және тіркеуші мамандарымен мүлдем қамтамасыз етілмеген.

Бұдан бөлек аудандағы инклюзивті білім беру кабинеті Арал қаласының №262 мектеп ғимаратының 1-ші қабатының 2бөлмесінде ғана орналасқаны және білім алу бөлмелерінің жетіспеушілігінен бір бөлмеде бірнеше маманның(мекеме есепшісі де) жұмыс істеуіне жол берілген.

Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі 89 баланың 44-і түзету көмегіне ие болса, қалған 45-і қамтамасыз етілмеген.

Сонымен қатар, инклюзивті білім беру кабинетінде компьютерлі-логопедиялық-тренажер мүлдем қарастырылмаған.

Осылайша мүмкіндігі шектеулі балалардың мемлекетпен кепілдік берілген құқықтары шектелген.

Аудандық прокуратураның араласуынан кейін инклюзивті білім беру кабинетінде мүмкіндігі шектеулі балалардың кіріп шығуына бөлек есік, санитарлық бөлмелер қарастырылып мүмкіндіктер жасалса, материалдық-техникалық базасын күшейту мақсатында, жергілікті бюджеттен 300 мың. теңгеқаржы бөлініп, дидактикалық материалдар алынды.

Инклюзивті білім беру кабинетіне 3 штат бірлігі, сурдопедогог, емдік дене тәрбие нұсқаушысы және массажист мамандарына бюджеттен 3 млн. 678 мың. теңге қаржы бөлінді.

Түзету кабинетін қала орталығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы ғимаратқа көшіру мүмкіндігі жоспарлануда.

2. 135 мүгедекке оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 100 жеке көмекшілердің қызметі тағайындалып, жеке көмекшілермен мүгедектерге күніне 2 сағаттан аспайтын, айына (21 күнге) 42 сағат қана қызмет көрсетілген.

Жеке көмекші – мүмкіндігі шектеулі адамдардың күнделікті үйінде жүріп-тұруына, дәрі-дәрмек қабылдануына және қоғамдық орындарға (Емхана, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, Банк, ЦОН,  демалыс орындарына) баруына септігі зор.

Прокуратураның араласуынан кейін ғана жеке көмекшілердің мүгдектерге қызметін күніге 4 сағатқадейінкөтеріп, ол үшін жергілікті бюджеттен қосымша 8 млн. теңге қаржы бөлінген.

3. Аудандық прокуратураның ықпалымен есепте тұрған 1643 мүгедектігі бар науқастарға ақпараттық жүйе арқылы мониторинг жасалып,тегін медициналық көмекшеңберінде диспансерлік есепте тұрған 900 мүгедектігі бар науқастарға бүгінгі күнге дейін тегін рецептілер мүлдем жазылмағаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісінен кейін ғана тегін дәрілік заттар алуға құқығы бар 900 мүгедек азамат тегін дәрілік заттармен толық қамтамасыз етілді.

4. «Қант диабеті» ретінде тіркелген науқастардың нақты алғанына қарсы тексеру барысында 5 науқасқажазылғанрецептілер бойынша тегін берілуге тиіс «Виктоза»дәрісі (бір қорабы 45 000 теңге)мүлдем берілмеген.

Бұл жағдай осы диагнозбен науқас аудандық амбулаториялық емхананың дәрігері А. деген азаматша аталған дәрінің 35 қорабын өзіне негізсіз босатып алу салдарынан орын алған.

Алайда, бір науқас үшін жылына «Виктоза» препаратының 18 қорабын ғана қолдануға рұқсат берілген.

Аталған дерек аудандық полиция бөліміне тергеп-тексеру үшін жүктеліп, жол берген кінәлі медицина қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Осыған орай, прокуратураның ықпалыменемхананың дәрігеріне берілген 10 қорабыжалпы құны 450 000 теңге тұратындәрісікері қайтарылып, «Қант диабеті» бар 5 науқасқаВиктоза препараты толық таратылып берілді.

5. Жүріп-тұруыүшін мүмкіндігі қиын мүгедектерді талапқа сәйкес келмейтін автокөліктің тасымалдауы алаңдатуда.

Техникалық ерекшелікте көрсетілген мүгедектерді тасымалдауға, отырғызуға және түсіруге арналған арнайы гидравликалық немесе жылжымалы (ашылатын) құрылғымен немесе кресло-арбаларды бекітуге арналған құралдармен жабдықталған автокөлік пен диспетчерлік  ұйым болуы тиіс екені көзделген.

Алайдаауданның мүгедектеріне арнайы құралдармен жабдықталмаған, қолайсыздық тудыратын Газель автокөлігімен тасымалдау қызметі көрсетілуде.

Бұл дерек бойынша аудан әкіміне кезек күттірмейтін тәртіпте шаралар қолдану жөнінде ұсыну енгізілді. 

Арал ауданының прокуратурасы

 

Прокурорлық қадағалау актісінен кейін 900 мүгедек тегін дәрілік заттармен толық қамтылды - 900633598
Прокурорлық қадағалау актісінен кейін 900 мүгедек тегін дәрілік заттармен толық қамтылды - 1747992594

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу