Сот орындаушылармен ұмытылған қаражат мемлекет пайдасына өндірілді

30 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда прокуратурасымен өткен жылғы қылмыстық істер мен олардың заттай дәлелдемелеріне тексеру жүргізу барысында мемлекеттік сот орындаушылардың іс-әрекетінде заңдылықты бұзушылықтар анықталды. 

Мәселен, 2011 жылы бір топ адамдарға қатысты көрінеу қылмыстық жолмен табылған мұнай өнімдерін иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Тергеу барысында күдікті тұлғалардан 100 мың евро, 10 мың АҚШ доллары және 5 млн. теңге мөлшерінде ақша қаражаты алынып, олар сақтау үшін Ұлттық банктің Қызылордалық филиалына тапсырылған.   

2015 жылы сот үкімімен топтың барлық мүшелері түрлі жазаға тартылып, жоғарыда көрсетілген қаражаттар мемлекет пайдасына тәркіленген.

Алайда, сот орындаушылармен қазіргі уақытқа дейін үкім орындалмай, ақша қаражаты сақтауда жатқан. 

Прокурорлық қадағалау актісімен аталған қаражат толығымен мемлекет кірісіне аударылды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу