Сотталғандарды еңбекке тарту – түзелу және мерзімінен босап шығу кепілі

28 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас прокуратураның қамауда ұстау орындарында сотталғандарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы бойынша жүргізілген жұмыс аясында Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің барлық үш мекемесі бойынша сотталғандарды жұмыспен қамту көрсеткіші 81,5 % құрады.

Барлығы 744 сотталған қауіпсіздігі барынша жоғары, орташа және төмен мекеме жағдайында ұсталуда.

Жұмыспен қамту саласындағы ахуалды жақсарту үшін прокурорлық ықпар ету шаралары септігін тигізіп, нәтижесінде өткен жылдың мамыр айынан бастап «Еңбек Қызылорда» РМК филиалымен сотталғандардың еңбегін жұмылдырмай жұмыстар атқару тәжірибесі тоқтатылды.

2017 жылы және ү.ж. 1 тоқсанында филиал «бір көзден алу» тәсілімен 157 мемлекеттік сатып алу келісім шарты жасасқан, оның 91-не қосалқы мердігер тартылып, олармен бірде-бір сотталушы жұмыспен қамтылмаған.  

Қадағалау актісімен барлық кінәлі тұлғалар жазаға тартылып, барлық деңгейдегі әкімдер заң талабының бұзылуына жол бермеуге бағытталды.

Үйлестіру шаралары нәтижесінде мекемелер аумағында 9 кәсіпкерлік субъектісінің қызметі ұйымдастырылған. Тас төсеуіш, кірпіш, газоблок, металл өнімдері, қолөнер бұйымдары, арнайы киім, аяқ киім тігу цехтары, сондай-ақ наубайхана жұмыс жасауда.

Ағымдағы жылғы шілдеде Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша жоғары ЗК-169/5 мекемесі қайта бейінделген. Енді онда қауіпсіздігі орташа жағдайда жаза өтеу белгіленген сотталғандар да ұсталады. Бүгінгі күні 160 сотталған айдауылмен аймаққа жеткізілген.

Сырдарияның сол жағалауында Астана үлгісі бойынша жаңа қала құрылысына 60 астам сотталған жұмылдырылған.

Енді елде қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған шаралармен қатар, сотталғандар, еңбекпен тапқан қаржымен қылмыспен келтірілген залалды өтеген жағдайда, мерзімінен бұрын босап шығу мүмкіндігі артатынын анық сезінеді.

Нәтижесінде, мерзімінен бұрын босап шыққандар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 151-ден 212-ге дейін 40,4 % өскен.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу