Табысы аз отбасылардың әлеуметтік құқығы қорғалды

13 сәуiр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Табысы аз отбасылардың әлеуметтік құқығы қорғалды - 1881842089

Қармақшы ауданының прокуратурасымен аудан аумағында табысы аз отбасыларының әлеуметтік құқықтарының шектелгені анықталды.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңы бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған табысы аз отбасыларының балаларына ай сайын әлеуметтік пакеттің берілуі көзделген.

Әлеуметтік пакетке азық-түлік және тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы кіреді.

Дегенмен ауданда табысы аз отбасы балаларына ағымдағы жылдың қаңтар және ақпан айларының әлеуметтік пакеттері берілмей қалған.

Прокуратураның ұсынуымен 1005 балаға әлеуметтік пакеттер толығымен табысталды.

Әлеуметтік көмек тағайындалған отбасыларына ай сайын әлеуметтік пакетті беру бойынша әкімдіктің жұмысы жолға қойылды.

Қармақшы ауданының прокуратурасы