Тергеу мерзімдерінің сақталуы мен сапасы бойынша алқа мәжілісі

26 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Тергеу мерзімдерінің сақталуы мен сапасы бойынша алқа мәжілісі - 905275814

 Қызылорда облыстық прокуратурасында тергелу мерзімдерінің сақталуы мен сапасы бойынша алқа мәжіліс өтті.

Мәжіліске ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық Бюросының облыс бойынша Департаментінің басшылары қатысып, қылмыстық заңнаманы реформалау жағдайында құқықтық жүйе қызметінің тиімді қызметін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. 

Алқа отырысында қылмыстық істерді созбалаңға салу, азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу, қылмыстық жауаптылықтан жалтаруға мүмкіншілік жасау, қылмысты жасыру және т.б. осы тектес деректерге қатысты анықталған заң бұзушылықтар жан-жақты талқыланып, қаралды.

Мысалы, прокуратура заңсыз аңшылықпен айналысқан адамды қылмыстық жауаптылыққа тартпау дерегін анықтады. Қазалы АІІБ-мен қылмыстық істі тергеу нәтижесімен бір адамға қатысты айыптау актісі жасалып, екіншісіне қатысты қылмыстық қудалау негізсіз тоқтатылған.

Қылмыстық істі қосымша тергеу нәтижесінде қылмыстық іс сотқа жолданып, екі қылмыскер 3 жылға аңшылық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді.

Ағымдағы жылы тергеу мерзімі бұзылып аяқталған қылмыстық істер саны 2017 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 27,6%-ға төмендегенімен, тергеп-тексеру сапасы жақсармағанын атап өткен жөн.

Мысалы, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 15.08.2018ж. үкімімен М.Ж мен Л.Б 17 жылға, Н.М мен Ф.О жыныстық сипаттағы әрекеттерге жол беріп, адам өлтірген үшін кінәлі деп танылды. Олардың екеуіне 17 жылға, қалған екеуіне 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алайда, іс бойынша Қызылорда ҚІІБ-ның тергеушісімен қандай да бір тергеп-тексеру амалдары жүргізілмей, негізсіз тоқтатылғаны прокурорлық тексерумен анықталған.

Алқа отырысында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді процесті жеңілдетін жаңа мүмкіндіктерді, қылмыстық процесс тәжірибесіне жаңашылдықтарды енгізу мәселесі талқыланды.

Алқа отырысы нәтижесімен қылмыстық қудалау органдарына тергеп-тексеру сапасын жақсартып, оның ішінде мерзімдерін қатаң сақтауды, электронды форматтағы істердің санын көбейтуді, кадрларды іріктеу мен тағайындауда алгоритм жасау тапсырылды.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу