Түзеу мекемелерінде ашық есік күні өткізілді

14 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Түзеу мекемелерінде ашық есік күні өткізілді - 1184472130

     Бүгінгі күні Қызылорда облысында қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу  мекемесінде 863 тұлға ұсталуда (қауіпсіздігі жоғары, қауіпсіздігі аралас, қауіпсіздігі барынша төмен).

      Жаза өтеушілердің құқықтарының қорғалуымен құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында облыс прокуроры Бижанов Нұрлан Дәуренұлының төрағалығымен түзеу мекемелерінде 14.08.2019ж. күні ашық есік күні өткізілді.

     Ашық есік күніне облыс әкімінің орынбасары М.Делмұханов, Ұлттың алдын-алу тетігінің облыстағы жетекшісі С.Теңізбаев, «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы А.Әлназарова, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

      Өткізілген шара барысында барлығы 100-ден астам сотталған   жекелеген сұрақтары бойынша қабылдауда болып, қойған сауалдарына  жауаптар берілді.

      Бүгінгі күні түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың 82% жұмыспен қамтылып, құқы бұзушылық 92-ден 43-ке, өз-өзіне дене жарақаттарын салу 8 ден 4-ке екі есеге төмендеген.

   Сонымен қатар ЗК-169/1, ЗК-169/5 мемлекеттік мекемелеріне 4G форматындағы радиосигналдарды басатын заманауи құрылғылар орнатылып, құқық бұзушылықтардың алдын-алуға септігін тигізіп, ұялы телефон құралдарын мекемелерге заңсыз кіргізу деректері тоқтатылған.

 

Қызылорда облысының прокуратурасы

Түзеу мекемелерінде ашық есік күні өткізілді - 155492317
Түзеу мекемелерінде ашық есік күні өткізілді - 1377508353
Түзеу мекемелерінде ашық есік күні өткізілді - 1318186734
Түзеу мекемелерінде ашық есік күні өткізілді - 1699270449

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу