Заңсыз қаулының күші жойылды

04 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

    Қармақшыаудандық прокуратурасы жергілікті сотта қабылданған әкімшілік қаулылардың заңдылығын зерделеп, нәтижесінде азамат Т.Сұлтановқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен 8 838 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл заңсыз салынғандығы анықталды.

     Бірінші саты сотымен азамат Т.Сұлтановқа қатысты жинақталған әкімшілік істі қарау барысында сот орындаушы тарапынан борышкерге үш күн ішінде жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасуға мұқтаж адам ретінде жүгінуді міндеттейтін хабарлама берілмеген. Оның жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар екендігіне назар аударылмаған. Салдарынан заңмен кепілдік берілген құқықтарына нұқсан келтіре отырып әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыны негізсіз қабылдағандығы белгілі болды.

    Конституцияның 1-бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және оның құқықтары делінсе, осы Конституцияның 24-бабының 2-бөлігіне сәйкес әркімнің жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар деп көрсетілген.

     Сондықтан, Қармақшы аудандық прокуратурасымен Т.Сұлтановтың заңмен кепілдік берілген құқығын қорғау мақсатында прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесінде бірінші саты сотымен қабылданған заңсыз қаулының күші жойылып, конституциялық құқығы қорғалды.

Қармақшы ауданының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу