Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар жауапкершілікке тартылды

29 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар жауапкершілікке тартылды - 2097333496

     Қазалы аудандық прокуратурасымен аудан көлемінде заңсыз ойын бизнесінің жолын кесу және алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.

      Прокуратураның бастамасымен жүргізілген шаралар нәтижесінде заңсыз ойын бизнесіне қатысты 8 қылмыстық іс(ҚР ҚК-нің 307-бабы) айыптау актісімен сотқа жолданып, сот үкімімен кінәлілер тиісті жазаларын алды.

     Атап айтқанда аудандық прокуратурамен кент орталығында заңсыз жолмен ашылған ойын бизнестерін анықтау мақсатында барлық обьектілерді сырттай қарап, фотоға түсіріп, жинақталған құжаттар Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне шара көруге бірнеше хаттар жолданды.

     Прокуратурамен осы бағытта аудандық полиция бөлімі және аудандық кірістер басқармасына тікелей бағыт-бағдар беру арқылы нақты жұмыстар ұйымдастырылды.

      Нәтижесінде 8 заңсыз ойын бизнесі әшкереленіп, олардың жолы кесілді.

      Мысалы сот үкімдерімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 6 сотталушыға шектеу жазалары тағайындалса, 2 сотталушыға айыппұл түрінде жаза тағайындалып, қылмыс құралдары мемлекет пайдасына тәркіленді.

      Осы мерзімде заңсыз ойын бизнесіне қатысты 1 қылмыстың есептен жасырылғандығы анықталды.

     Атап айтқанда Е.Р. аудандық полиция бөліміне (бұданәрі - АПб) «ИнБет» ойынханасы заңсыз ойын ойнатып, жеңіл жолмен ақша тауып отырғандығы жөнінде арыз түсірген.

      Арыз негізінде АПб-мен оқиға орнын қарап-тексеріп, заттай дәлелдеме ретінде ойын ойнатуға арналған құралдар тәркіленіп алынған.

     Алайда АПб-мен қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруге тіркелмей, қылмыс жасырылған.

    Аудандық прокуратурамен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, Қызылорда облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.

     Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен, аудандық соттың үкімімен сотталушы Т.А. ҚР ҚК-нің 307-бабымен кінәлі деп танылып, 600 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

     Аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімі және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ойын бизнесінің жолын кесу, алдын алу және болдырмау мақсатында тиісті шаралар жүргізілуде.

Қазалы ауданының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу