Жалақыны уақытылы төлеу мәселесі Қызылорда прокурорларының бақылауында

06 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облыстық прокуратурасы органдарының қадағалау шараларымен 2018 жылы 492 жұмысшы алдындағы 90 млн. теңге жалақы қарыздары төленді.

Ағымдағы жылы Құқық қорғау қызметтері орталығына келіп түскен шағымды қарау барысында «Қызылорда су жүйесі» МКК-мен 576 жұмысшыға өткен жылдың қараша-желтоқсан айларына 82 млн. теңге жалақылары төленбегені белгілі болды.

Прокуратураның ұсынысымен берешек өндіріліп, еңбекақыны төлеу бойынша талаптарды бұзғаны үшін кәсіпорын басшысы ӘҚБтК-тің 87-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар, басқа үш мекеменің 241 жұмысшысына 43 млн. теңге жалақы қарыздарын өндіру үшін шаралар қабылдануда.

Азаматтардың еңбекақыларын мерзімінде төлеу мәселесі облыстық прокуратураның тұрақты бақылауында.

Еңбек заңнамасының талаптары бұзылған жағдайда азаматтар 26-20-06 сенім телефонына хабарласуларына болады, құпиялық кепілдігі бар.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу