Жаңақорған ауданында шыны полиция бекеті өз жұмысын бастады

09 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жаңақорған ауданында шыны полиция бекеті өз жұмысын бастады - 1102555594

Қызылорда облыстық прокуратурасы жобалық менеджмент принциптеріне бойынша әзірленген «Полиция халыққа жақын» жобасын жыл басынан бері жүзеге асырып келеді.

Жобаның мақсаты – учаскелік полиция бекеттерін  көп қабатты үйлерден қоғамдық орындарға және қылмыс жиі орын алатын жерлерге орналастыру.

Осындай 8 бекет Қызылорда қаласында орналастырылса, қалған 7-і аяқталу сатысында.

Облыс орталығындағы осы тектес жұмыстар аудандардар да жүргізіліп жатқанын атап өту керек.

Атап айтсақ, Жаңақорған ауданында осындай бекеттің ашылу салтанаты болып өтті. Аудан әкімдігімен шыны полияция бекетін орнату үшін тиісті қаржы бөлінді.  

 Бекет ауданның орталық бөлігінде орналасқан және қылмыс карталарымен, қазіргі заманғы жабдықтармен, компьютермен, сондай-ақ ІІМ-нің арнайы базасымен жабдықталған.
 
«Аталған полиция бекеттері учаскелік инспекторлардың құқық бұзушылықтың алдын алу саласында халықпен жүйелі жұмыс жүргізу және азаматтардың арызына жедел ықпал етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті аудан прокуроры Нұрболат Дүйсенбаев.
 
Алдағы уақытта аудан орталығында осы тектес 2 бекет өз жұмысын бастайды.  

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

Жаңақорған ауданында шыны полиция бекеті өз жұмысын бастады - 330721450
Жаңақорған ауданында шыны полиция бекеті өз жұмысын бастады - 1460596794

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу