Жаппай балықтардың қырылуы дерегі бойынша Қызылорда облысының табиғат қорғау прокуратурасының бастамасымен қылмыстық іс қозғалды

11 қыркүйек 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорда облысының табиғат қорғау прокуратурасының бастамасымен Кіші Арал теңізіндегі балықтардың жаппай қырылу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 
Солтүстік Арал теңізі су көтеру бөгетінің 9 көзді шлюзіне көктем айында балық қорғау қондырғысы орнатылмай, 1-2 жазғы шабақтар Үлкен теңізге өткен.
Тамыз айының 7-нен 8-не қараған түні бөгеттің барлық шандорларының жабылуынан және күннің ыстығы мен судағы оттегінің азайуынан 210 тонна балық қырылып, табиғатқа ірі мөлшерде зиян келген.
Аталған деректе ҚК-нің 336-бабы (балық қорларын қорғау қағидаларын бұзу) мен 371-бабының 2-бөлігінде (салғырттық) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық байқалғандықтан, Қызылорда облысының табиғат қорғау прокуратурасының бастамасымен қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда, ішкі істер органдарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
 
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу