БАҚ үшін баспасөз-ақпараты (Брифинг. 15.04.2014 жыл)

15 сәуiр 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Баспасөз-ақпараты

Әлеуметтік–экономикалық саладағы  заңдылықты қадағалау саласы.

Облыстық прокуратура органдарымен 2014 жылдың 3 айында барлығы 192  тексеру жүргізіліп, 11959 заң бұзушылық анықталып, 9294 азаматтың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделері қорғалды, 193 520 324 млн.  теңге қаржы мемлекет пайдасына өндірілді.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 430 ұсыныс енгізілді, заң бұзушылықтарды жою туралы берілген 83 ұйғарым қанағаттандырылып, 158 прокурорлық ықпал ету шараларымен 788 заңсыз актінің күші жойылып, бұзылды,  тәртіптік жауапкершілікке 670, әкімшілік жауапкершілікке 512 тұлға тартылды.  

Облыстық прокуратурамен азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуына ерекше назар аударылды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 14 жылдың өткен мерзімінде 25 мекеменің 7300 жұмысшылар алдындағы 627,1 млн. теңге жалақы қарыздарының төленуі қамтамасыз етіліп, 7 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқығы қорғалды.

Прокуратура органдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында заңбұзушылыққа жол берген 16 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қолданылған прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде мемлекет бюджетіне 1,7 млн   теңге өндірілген.

Мысалы, Беларусь Республикасынан алып келген көліктерді заңсыз тіркегені үшін  Қазалы аудандық ІІБ аудандық емтихан-тіркеу бөлімінің бұрынғы мемлекеттік аға инспекторына қатысты ҚР ҚК-нің 314-бабы 2-бөлімімен, 307-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, жер телімдерін табыстауда сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңбұзушылыққа жол бергені үшін Тәртіптік Кеңестің шешімімен қала әкімінің орынбасары, сол кездегі қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі мобильді топтың жұмысы жалғастырылуда. Өткен мерзімде сенім телефонына 8 қоңырау соғылып,  оның 3 – еуі бойынша, яғни лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекетіне қарсы оқиға өз дәлелін тапты. Сәйкес ықпал ету шараларымен кәсіпкерлердің құқығын бұзуға қатысты 3 фактінің жолы кесілді.

Нақтыласақ облыстық прокуратураның сенім телефонына жеке кәсіпкер У.Н-нан сауда-саттық қызметіне салық органының қызметкері деп таныстырған белгісіз тұлғамен заңсыз тексеру жүргізілгені туралы хабарламасы келіп түскен. Аталған тұлғамен сауда саттық қызметін тоқтатумен қорқыту арқылы 30 000 теңге қаржы талап етілген.

Осыған орай, облыстық прокуратураның тапсырмасы негізінде ішкі істер органдарымен арнайы жедел іс-шаралары жүргізіліп, нәтижесімен аз-т А.Өмірбекұлы ұсталып, сот үкімімен А.Өмірбекұлы ҚР ҚК-нің 177-бабының 1-бөлігімен (алаяқтық) кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге сотты болды.

Мысалы, облысаралық балық шаруашылығы инспекциясымен кәсіпкерлерді тексеруге қатысты 25 тексеру жоспарланған. Прокурорлық ықпал ету актілерімен тексерулер жойылып, 4 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Бұдан бөлек, Арал аудандық балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы А.С. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» ҚР Заңының талаптарын бұза отырып, тексеру тағайындау туралы актісін шығармастан жеке кәсіпкер К.Ж.-ның қызметінде заңсыз тексеру дерегі бойынша Арал аудандық прокуратурасымен ҚР ӘҚБтК-нің 153 бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы өндірісі қозғалып, сот қаулысымен соңғыға қарсы 18 520 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

 Прокурорлық ықпал ету шараларымен 1432 кәмелетке толмағанның конституциялық құқығы қорғалды, заңбұзушылыққа жол берген 485 тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды.

Облыстық прокуратураның араласуымен 209 жасөспірімге қамқоршылық және қорғаншылық органдарынан 3 млн. теңге жәрдемақылары беріліп, құқықтары қалпына келтірілді.

Мысалы, Шиелі аудандық прокуратурасымен мүгедек балаларды емдеуге арналған қаржыны алаяқтық жолмен иемденген балалар емдеу мекемесінің директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу нәтижесімен сотқа жолдануы қамтамасыз етілді.

Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқықтарын қалпына келтіру бағытында прокуратурамен құрылған мобильді топтармен 2014 жылдың өткен мерзімінде жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 23 кәсіпкер, кәмелеттік жасқа толмағандарға темекі бұйымдарын сатқан 11, алкоголь өнімін сатқан 8 сатушылар және кәмелетке толмаған балаларының ата-аналарының қадағалауынсыз түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болғаны үшін 24 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ, Арал ауданында жасөспірімдерден ақша бопсалау фактісі бойынша 1 қылмыстық іс қозғалды.

Өткен мерзімде облыстық прокуратурамен жалған кәсіпкерлік және мақсатсыз мәміле жасасып, кәсіпкерлік қызметпен айналысумен күрес саласында нақты жұмыстар жүргізілуде.

Мысалы, Қызылорда қалалық прокуратурасы «К» ЖШС-нің сот үкімімен жалған кәсіпкер деп танылған «Х» ЖШС-мен  өзара есеп айырысу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған, ал, нәтижесінде бюджетке 30,4 млн. салық түспеген.  

Шетелдік жұмыс күші тартылған барлық саладағы көші-қон процесіне тұрақты түрде мониторинг жасалады.

Мысалы, Қызылорда қалалық прокуратурасымен қалалық ІІБ қабылдау-бөлу қызметіне тексеру жүргізу барысында қызметтік жалған жасау фактісі анықталды. Нақтыласақ, 2014 жылы әкімшілік сотпен ҚР аумағына келу Тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік іс бойынша 8 Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты шығарылған сот актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы әкімшілік қамаудың мерзімі 3 тәуліктен 1 тәулікке өзгертілген.

Орын алған факті бойынша қалалық прокуратурасымен ҚР ҚК-нің 314-бабы 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, облыс бойынша ЭКСЖКД жолданды.

Осы тектес фактілер 2013 жылы 75 Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты шығарылған әкімшілік істер бойынша сот қаулыларында орын алған. Қазіргі таңда қалалық  прокуратурамен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.  

Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатыдағы заңдылықты қадағалау саласы.

Қылмыстылықтың алдын алып, оның жолын кесуде қолданылған шараларға байланысты қылмыстылық 2,3%-ға өскен (2688-ден 2749-ға).

Ауыр қылмыстар саны біршама кеміді(194-тен 192-ке). Облыс көлемінде өткен жылмен салыстырғанда тонау (90-нан 49-ға) және қарақшылық (9-дан 5-ке) қылмыстары екі есеге жуық төмендеді. Алайда,  кісі өлтіру және әйел зорлау қылмыстары 2 бірлікке, алаяқтық 246-дан 321-ге немесе 30,5%-ға өскен.

Қылмысты есепке алмау деректері тіркеліп, осы 3 айда облыстағы прокуратура органдарымен 29 қылмыс есепке қойылды.

Орын алған қасақана кісі өлтіру қылмыстарының барлығы әшкере етіліп, аса ауыр қылмысқа барғандар қамауға алынды.

Мысалы, 28.03.2014 жылы Тасбөгет  кентінің тұрғыны А.Т.-ны есігінің алдында атып, өлтіріп  кеткен  оқиғасы әшкере етіліп, бұл қылмысқа сол қоныс тұрғындары Б.К. мен Д.С.-тің қатысы бар екендігі анықталып, олар қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Прокуратура органдарымен қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарының сақталу жағдайы назарға алынған. Бұл бағытта облыстағы прокуратура органдарымен пәрменді жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, қылмыстық процесте  азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылмауын  қамтамасыз етуде  «Полициядағы кезекші прокурор –азаматтардың құқықтарының кепілі» қадағалау жүйесі жүзеге  асырылды.

Осы қадағалау жүйесі арқылы ішкі істер органдарында азаматтарды негізсіз, заңсыз ұстау деректері азайып, аталған фактілерге жол бермеуге қатысты шаралар қолданылуда.

Үнемі жүргізілген тексерулер нәтижесінде ішкі істер органдарының ғимаратында 3 сағаттан астам артық заңсыз отырған 4 адам босатылды.       Олардың 2-і Қызылорда қаласының Ақсай полиция бөлімшесінен және 2-і Арал аудандық ІІБ-і ғимаратынан қадағалаушы прокурормен шығарылды. Қылмыстық ізге түсу барысында заң бұзушылыққа жол берген 144 полиция қызметкерлері тәртіптік жауапқа тартылды.

Есірткі заттардың заңсыз айналымы бойынша 22 қылмыстық іс қозғалып, олардың 15 айыптау қорытындымен сотқа жолданылды.

Мысалы, облытық ішкі істер департаментінің жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде Қызылорда қаласында Қырғызстан Республикасының азаматы  Ю.Конторбаев ұсталып, қолындағы сөмкесіне қарау жүргізгенде 10 кг. героин табылған.

Орнын алған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот үкімімен 11 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі колонияға өтеуді белгіленген.

Облыстық прокуратура органдарымен 2014 жылдың 3 айында азаматтық, әкімшілік істер бойынша сот қаулыларының және атқарушылық іс жүргізу заңдылығын қадағалау саласында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Соттармен шешім шығару арқылы барлығы 2629 (2128) азаматтық іс қаралса, оның ішінде міндетті санаттағы  істер 1510  (820) құраған. Барлық міндетті санаттағы істерге прокурордың қатысуы қамтамасыз етілді.

Сотта анықталған заң бұзушылықтар бойынша прокурордың бастамасымен 8 жеке қаулылар қабылданып, құзырлы органдарға 7 прокурорлық ықпал ету актілері енгізіліп, азаматтарға жер телімдерін табыстауда мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соққан лауазым иелерінің әрекетінде қылмыс белгілері байқалатыны ескеріліп, құжаттар Қызылорда облысы бойынша ЭҚжСЖҚК Басқармасына (қаржы полициясы) жолданып, тергеу алды тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Салада басым бағыттардың бірі мемлекеттің материалдық мүддесін қорғау мақсатында тек облыстық прокуратурамен енгізілген 1 апелляциялық наразылықпен 74 971 825 теңгенің мемлекеттік шығыны алдын-алынған.

Әкімшілік істер бойынша:

2014-жылдың 1-тоқсанында Қызылорда облысындағы соттарында 3 863 тұлғаға қатысты 3 839 әкімшілік істер негізінен қаралған (2013-жылдың 1-тоқсанында 4 389 тұлғаға қатысты 4 339 әкімшілік істер), яғни өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда негізінен қаралған істердің саны 500 іске немесе 12%-ға азайған.  

ҚР Бас Прокурорының салалық Нұсқаулық талаптарынан туындайтын прокурордың қатысуы міндетті санатта 2 274 тұлғаға қатысты 2 274 істер негізінен қаралып, прокурордың қатысуы барлығына қамтамасыз етіліп, қатысу тиімділігі 100%-ды құраған (2 107 тұлғаға қатысты 2 107 істер, қатысу тиімділігі 100%).

2014-жылдың 1-тоқсанында облыстық сотының апелляциялық алқасында барлығы 28 тұлғаға қатысты 28 әкімшілік істер (22 тұлғаға қатысты 22 іс) қаралған.

             Қаралу нәтижесімен 7 тұлғаға қатысты 7 сот қаулысы прокурордың апелляциялық наразылығы негізінде өзгертілген.

Сөйтіп, есепті мерзімде сот қаулыларына наразылық келтіру және қанағаттандырылу тиімділігі 100%  (100%) құраған.

Атқарушылық іс жүргізу заңдылығын қадағалау бағытында басымды бағыттар бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған.

Бұл салада 42 (2013ж. 3 айы - 40) тексерулер жүргізіліп, қорытындысымен 68 (61) заң бұзушылықты жою туралы ұсыныстар енгізіліп, нәтижесімен 27 (33) тұлға тәртіптік, 31 (29) тұлға әкімшілік жауапкершіліктерге тартылса, 43 (31) наразылық енгізіліп, олар бойынша сот орындаушыларының заңсыз 46 (36) қаулысы бұзылған.

Орындаусыз қалған 2199 (1949) сот актілері бойынша қолданылған прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде өндіріп алушылардың пайдасына 97 775 102 теңге (67 521 574 теңге), оның ішінде 86 822 724 теңге (54 795 769 теңге) мемлекет пайдасына өндірілді.

Қызылорда облысы

прокуратурасының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу