БАҚ үшін баспасөз парағы (Брифинг. 23.04.2014 жыл)

23 сәуiр 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Құқықтарды қорғауды желеу етіп, қызмет бабын асыра пайдаланып, қылмыстық қудалау шеңберіне түскен азаматтардың құқықтарыны бұзылуы тиылмай, ішкі істер органдарының жекелеген қызметкерлері тарапынан келеңсіз жағдайларға жол берілуде.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек 2014 жылдың 3 айында полиция қызметкерлеріне қатысты 2-і (2) қылмыстық іс қозғалған. Қинау дерегі бойынша өткен жылдан өндірістегі 1 қылмыстық іс сотқа жолданып, қаралуда.

Қылмыстық ізге түсудің заң шеңберінде іске асырылуын қамтамасыз етуде облыстағы прокуратура органдарымен пәрменді іс-шаралар атқарылуда.

Бұл тұрғыда серпінді жоба ретінде 2011 жылы енгізілген «Полициядағы кезекші прокурор – азаматтардың құқықтарының кепілі» қадағалау жүйесінің мүмкіндігі толықтай қолданылып, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілуіне тосқауыл қойылды.

2014 жылдың 3 айында облыстық ішкі істер органдарының қызметтік бөлмелерінен 4 (4) адамдардың 3 сағаттан артық негізсіз ұсталғандығы анықталып, прокурордың қаулыларымен олар дереу түрде босатылған.

Мысалы, 13.03.2014 жылы Қызылорда қалалық прокуратурасымен Қызылорда қалалық ІІБ-ның Ақсай полиция бөлімінің қызметтік бөлмелерін тексеру барысында 2-і азаматтың 3 сағаттан астам уақыт болғандығы анықталып, прокурормен босатылған.

Сонымен қатар, қылмыстық ізге түсу органдарында ашылған «Кезекші прокурор» бөлмесінің мақсаты – азаматтардың  конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау, қылмыстық  ізге түсу органдарында қылмыстың алдын алу, болдырмау, болған жағдайда сол заматында тиімді, уақытылы шара қолдану, орын алған заң бұзушылықты уақытында анықтап,  кезек күттірмей оны бекіту жұмыстарын атқару.

Есепті мерзімде ҚІЖК-нің 132-бабына сәйкес сезікті ретінде 97 (91) тұлға ұсталса, соттармен 69 (105) айыпталушыға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берілген.

Өткен 3 айда альтернативтік тұтқындау (кепіл) тетігінің бұлжытпай орындалуын ұйымдастырып, құқықтық саясат тұжырымдамасында белгіленген іс шараларға қатысты  кешенді  іс шараларды жүзеге асырылып, 58 (0) айыпталушыға қатысты кепіл қолданылды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу