Белкөлде орын алған жол көлік оқиғасының ісі сотқа жолданды

25 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Белкөлде орын алған жол көлік оқиғасының ісі сотқа жолданды - 2093975489

30.05.2019ж. күні Қызылорда қаласы, Белкөл кенті, Әбдіқадыров көшесі бойында «Камаз» жүк көлігінің жүргізушісі 4 және 5 жастағы екі қыз баланы қағып кетіп, оқиға салдарынан екі бала да қайтыс болды. 

Күдікті деп танылған көлік жүргізушісі құрықталып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте Қызылорда облысы прокурорының орынбасары                  Талғат Әлібаев осы оқиғаға қатысты істің сотқа жіберілгенін және сотта қарау үшін қажетті айғақ деректердің жеткілікті екендігін атап өтті. 

Облыстық полиция департаментінің өкілдері баспасөз мәжілісінде еңбек басқармасымен, көлік инспекторларымен бақылау жұмыстарының күшейтілетінін және жүк көлік жүргізушілеріне, олардың ауыр жүк көліктерін жүргізуге рұқсат беретін құжаттарын тексеруге арнайы рейдтік шаралар жүргізілетінін жеткізді.

Қызылорда қаласының әкімдігі жол көлік оқиғасына байланысты сол аумақтағы жол белгілерінің қайта қаралатынын және балалардың ойын алаңын салу мәселесі бойынша атқарылатын жұмыстары туралы және балалардың қауіпсіздігі, оларды қараусыз қалдырмау мақсатында атқарылуы тиіс әлеуметтік жұмыстар жайын баяндады.

Жалпы 2019 жылдың 6 айында өңірдегі жол-көлік оқиғаларының саны 58 пайызға өскен. Жол көлік апатынан қайтыс болғандардың саны 69 пайызға, жарақат алғандардың саны 60 пайызға артқан.

 

Белкөлде орын алған жол көлік оқиғасының ісі сотқа жолданды - 970024823
Белкөлде орын алған жол көлік оқиғасының ісі сотқа жолданды - 1164101184

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу