Қала прокурорлары алаяқтықтың алдын-алу мақсатында тұрғындармен кездесті

04 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қала прокурорлары алаяқтықтың алдын-алу мақсатында тұрғындармен кездесті - 50482889

      Алаяқтық қылмыстың алдын алу, болдырмау бағытында қала прокуратурасымен үйлестіру жұмыстары атқарылуда. Атап айтқанда, 22.08.2019 жылы адамдар көп шоғырланатын жерлерде «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпарациясының Қызылорда қаласы бойынша халыққа қызмет көрсету ғимаратында, “Каспий Банк”, “Халық Банкі” Форте банк ғимаратында  және «ARAYCITYMALL» ойын сауық орталығының ғимаратында қала әкімдігі қызметкерлерімен, жергілікті құқық қорғау органдары өкілдерімен халық арасында алаяқтыққылмыстардың жасалу жолдары айтылып, оларды алдын алу бағытында арнайы жасақталған жадынама таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

     Бұл шараның барысы жөнінде халық арасында жариялау мақсатында БАҚ өкілдерінің   қатысты.

       Сондай-ақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы студенттер Сарайының мәжіліс залында қала прокуроры А.Бекмұхановтың төрағалығымен ведомствааралықжедел-мәжіліс өтіп, оған қала әкімінің орынбасары Б.Нұридинов, жергілікті полиция басқармасының бастығы А.Жаппаров, облыстық кәсіпкерлік палатасы, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы, қалалық полиция басқарма бастығының орынбасарлары, кірістер басқармасының қызметкерлері және кәсіпкерлер қатысты.

Қызылорда қаласының прокуратурасы

 

Қала прокурорлары алаяқтықтың алдын-алу мақсатында тұрғындармен кездесті - 296333329
Қала прокурорлары алаяқтықтың алдын-алу мақсатында тұрғындармен кездесті - 2039228173
Қала прокурорлары алаяқтықтың алдын-алу мақсатында тұрғындармен кездесті - 1597702713
Қала прокурорлары алаяқтықтың алдын-алу мақсатында тұрғындармен кездесті - 1607501887

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу