Қызылорда облыстық прокуратурасы облыстық әкімдікпен бірігіп «Есірткісіз - болашақ» жобасын жүзеге асыруда

11 сәуiр 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Соңғы 5 жылда есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың өсу динамиксы сақталуда. 2012 жылмен салыстырғанда анықталған есірткі екпелерінің саны 15-тен 81-ге немесе 440% өскен.

Тек, 2016 жылдың өзінде көлемі 50 гектардан асатын 32 есірткі екпелері анықталып, олар жойылған.

2016 жылдың соңына есірткі құралдарын теріс пайдаланатын адамдардың саны 3 500 құраған.

Ағымдағы ахуалға жасалған талдау есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте бір қатар проблемалық мәселелерді анықтады, соның ішінде:

-есірткі заттарын және есірткі екпелерінің анықтауға арналған жаңа техникалық жарақтаудың жоқтығы;

-құқық қорғау және арнаулы органдарымен есірткіге қарсы күрес жөніндегі қолданылған шаралардың жеткіліксіздігі;

-есірткі қолданатын тұлғалардың толық және шынайы есепке алынбауы.

-жекелеген тәртіп сақшыларының есірткі бизнесіне қатыстылығы.

Мысалы, 15.09.2016 жылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының бойында 100 киллограм жуық марихуана есірткі заты және 515 түп сора өсімдігі тиелген «Камаз» автокөлігі ұсталып, оның ішінде жол бойында кедергісіз жүруіне қамқорлық жасап жүрген полиция қызметкері болған.

Арнайы прокурорлармен тергеу әрекеттері жүргізіліп, қылмыстық топтың барлық мүшелері анықталып, олар сот үкімімен әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

Есірткінің заңсыз айналымын және нашақорлықтың өсуін ертерек ескерту және алдын алу мақсатында облыстық прокуратура және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Есірткісіз - болашақ» атты Жобасы әзірленіп, оны іске асырудың іс-шаралар жоспары бекітілді.

 Жобаны жүзеге асырудың бастапқы сатысында есірткіні тұтынатын адамдарды анықтап, оларға медициналық-әлеуметтік сипатындағы кешенді көмек көрсету арқылы, нашақорлықтың өсуін ертерек алдын алу, халық арасында есірткі егумен және оны сатумен айналысатын адамдарға теріс көзқарасты және қоғамдық санада есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық шараларды атқарамыз.

Ол үшін, тиісті медия Жоспар жасалып, колледж оқушылары арасында тест тілімше арқылы профилактикалық тексеру жоспарлануда. Тексеру жұмыстары анонимдік және өздерінің (ата-анасының) келісімі негізінде жүргізілетін болады.

Жоба аясында облыстық прокуратурада (26-40-45) және облыстық ішкі істер департаментінде (27-55-42) сенім телефондары жұмыс жасауда. Осы сенім телефондарына есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез келген құқық бұзушылық жөнінде хабарлауға болады.

Сондай-ақ әлеуметтік ВКонтакте желісінде «Есірткісіз болашақ» қоғамдасығы құрылған. Whats App пен Vibеrе мессенджерлерде телефон нөмерлер тіркелген (+7-778-134-30-70).

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу