Қызылорда облыстық прокуратурасы органдарымен 2016 жылы қадағалау қызметінің нәтижесі бойынша баспасөз парағы. (Баспасөз-мәслихаты 11.01.2017 жыл)

11 қаңтар 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс прокуратурасы органдарымен 2016 жылы атқарылған қадағалау жұмыстары өңірдегі жүйелі мәселелерді анықтауға және оларды жоюға бағытталды. Ал оларды шешудің негізігі әдісі ретінде жобалық менеджмент қолданды.

Өңірде әлеуметтік шиеленістің, қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында прокуратураның уәкілеттігі және үйлестіруші функциясы кеңінен қолданып, нәтижесінде қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы қамтамасыз етілді.

Облыста табиғат қорғау прокуратурасы құрылды. Бұл қадам экологиялық мәселелердің себептерін сапалы зерделеу мен оларды шешуге мүмкіндік береді.

Прокурорлық қадағалау актілерімен 3409 заңсыз актінің күші жойылды және өзгертілді (әкімшілік қаулылар-1008, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың шешімі-527, ішкі істер органдарының шешімі-4, білім-149, денсаулық сақтау-834 және басқа да ұйымдардың актілері-887), 3396 тұлға түрлі жауапкершілікке тартылып (әкімшілік-1534, тәртіптік-1805, материалдық-57), 12 мың адамның конституциялық құқығы қорғалып (3524 балалардың, 203 кәсіпкерлердің, 8422 еңбек және 152 денсаулық сақтау саласы бойынша), мемлекет пайдасына 500 млн. теңге өндірілді.

Жүзеге асырылып жатқан жобалар жағымды мақсаттарға қол жеткізді.

Мысалы, «ана мен бала өлімін алдын алу» жобасы нәтижесінде бала өлімі 2016 жылдың екінші жартыжылдығында 104-тен 48-ге дейін немесе 54% түсті, ал ана өлімі мүлдем орын алған жоқ. 2015 жылдың сол кезеңінде 5 ана өлімі болған.

«Оқу орындарындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» жобасы шеңберінде Қызылорда мен Байқоңыр қалаларында және Шиелі ауданында орналасқан барлық мектептері бейнекамералармен жабдықталды, басқа аудандардың мектептері осы жылдың сәуіріне дейін 100% қамтамасыз етіледі. Жалпы, бұл жоба мектептерде орын алатын телефон ұрлықтарын жоққа шығарды және жасөспірімге қарсы жасалған қылмыстарды 192-ден 78-ге төмендетті.

Облыста жүйелі проблеманың бірі ретінде танылған мал ұрлығы қылмысы «Мал ұрлығын алдын алу» жобасының арқасында 21% немесе 764-тен 606-ға дейін азайды.

Прокуратураның ықпалымен 5 мың жұмысшы 900 млн. теңге жалақы қарыздарын алды.

Байқоңыр қаласындағы қазақ мектептерінде Қазақстан Республикасының стандартына сәйкес 200 балаға орыс тілде білім беретін сыныптар ашылды. Бұған дейін Қазақстан азаматтары өз балаларын ресейлік мектептерінде Ресей стандартымен оқытуға мәжбүр болған, нәтижесінде балалар Қазақстан тарихы мен мемлекеттік тілді меңгеруге мүмкіншіліктері болмаған.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдармен 3 мың мүгедектерден заңсыз 6 млн. теңге салық және баж салықтары өндірілгені анықталды. Қазіргі уақытта негізсіз алынған салықтар қайтарылуда.

Бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттерінен 245 кәсіпкерді қорғап қалдық (205 салық органдарының, 40 сот орындаушылардың заңсыз әрекеттерінен).

Мысалы, салық төлемі бойынша негізді түсіндірмелері болған 6 кәсіпкер-контрагентке қатысты берілген хабарламалардың және банк шоттарына салынған шектеулердің күші жойылды.

Облыс әкімдігімен 7 шаруа қожалығына негізсіз бас тартылған 10 млн. теңге субсидияның төленуіне қол жеткіздік.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саласында жүргізілген тексеру мен талдау барысында 6 қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды, 5 іс бойынша 4 адам сотты болып, мемлекет кірісіне 3,6 млн. теңге өндірілді.

Мысалы, Сырдария ауданы Н.Ілияс ауылдық округі әкімдігінің аппараты қызметінде 10 млн. теңгеден астам бюджет қаржысының жымқыру дерегі анықталды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық колексінің 189-бабымен (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) 2 қылмыстық іс қозғалып, есепші Хамзеева 5 жыл бас бостандығынан айыруға сотты болды.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде әкімшілік айыпұлды өндіру көрсеткіші бойынша 16 облыстың ішінде 13-ші орыннан 3-ші орынға көтерілді. Қазіргі уақытта айыппұлдарды өндіру көрсеткіші 67% құрайды.

Ғаламтор жүйесіне мониторинг жүргізу нәтижесінде бізбен  «Facebook» және «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінде ұлттық және діни алауыздықты қоздыруға бағытталған 39 жарияланым, сонымен қатар, жасөспірімдердің адамгершілік-рухани дамуына теріс қылықты насихаттайтын «YouTube» бейнехостингтің 25 арнасы жабылды.

Прокурорлардың 2696 азаматтың іске 100% қатысулары қамтамасыз етілді. Заңдылықты бұзушылықты жою туралы 47 ұсыныс енгізіліп, нәтижесінде 22 тұлға тәртіптік және 34-і әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Жалпы 2 163 420 теңгеге айыппұл салынып, өндірілді.

Біздің наразылығымызбен мемлекеттің 3 млрд. теңгеден астам материалдық мүддесі қорғалды.

Сондай-ақ, 8410 міндетті санаттағы әкімшілік іс бойынша прокурордың қатысуы қамтамасыз етілді.

«Алимент қарызын азайтамыз» жобасымен соңғы 4 айда облыстағы проблемалы алименттер қарызын 730 млн. теңгеден 270 млн. теңгеге дейін төмендетуге қол жеткізілді.

Бұдан бөлек, «пилоттық жоба» аясында тек Жалағаш ауданының өзінде алимент қарызы 85%-ға төмендеді. Оңды тәжірибені есепке ала отырып, осы тектес жұмыс Сырдария ауданында басталады.

Өңірімізде қылмыстылық жағдай тіркелген қылмыс санының төмендеуімен сипатталады, атап айтсақ, қылмыс саны 19,3% (2015ж. 12241 болса, 2016 жылы 9882-ге) төмендеген, сонымен қатар, аса ауыр түрі 12,8% (47-ден 41-ге), ауыр 3,9% (841-ден 808-ге), қарақшылық  31,6% (19-дан 13-ке), тонау 4,7% (214-тен 204-ке), бөтеннің мүлкін ұрлау 12,2% (6324-тен 5554-ке), алаяқтық 26,8 (1197-ден 876-ға), зорлау зорлау 30,8% (81-ден 56-ға), бопсалау 37,8% (31-ден19-ға) төмендеген.

Облыстың жеке зерделеуге алынған әрбір аймағы, оның ішінде қылмыслылыққа бейім нысандары терең талданып, нәтижесінде ішкі істер органының аумақтың құрылымдары мен күштері қайта бөлініп, адамдар мен көліктердің жиі шоғырланатын орындарында бейнебақылау құрылғыларының саны артып, адамдардың жеке үй жануарларының есептері алынуы және т.б. қамтамасыз етілді.  

«Мал ұрлығына қарсы» жобаны іске асыру барысында бұл қылмыстар 843-тен 659-ға немесе 22%-ға азайды.

Өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғагда бұл қылмыстарды ашу көрсеткіші 19%-ға (25-тен 44%-ға) өскен.

Сонымен бірге, қылмыстық жолмен келген етті алу, құжатсыз сату  деректері үшін Ет сату орындарының басшыларына оны алдын алу шаралары жарияланды.

Тиісінше, «Алаяқтықтың алын алу» жобасы негізінде атқарылған іс-шаралар бұл қылмыстардың 26,8 %-ға төмендеуге әсерін тигізген (1197-ден 876-ға).

Атап айтқанда, облыстық прокуратураның ресми сайтында алаяқтық қылмыстарымен сотты болғандардың тізімі орналастырылған және бұл тізім жаңғыртылып тұрады.

2016 жылы тіркелген 876 алаяқтық қылмыстарының тек 523-і осы жылы орын алса, қалғаны бұрынғы жылдары болған қылмыс көріністері.

Осы бағыттағы қылмыстардың алдын алуға бағытталған айқынды іс-шаралар бұл қылмыстылықты тұрақтандыруға әсерін тигізді.

Алматы қаласы және облыс аумақтарында есірткі затын өсіріп, тасымалдаумен айналысқан 6 қылмыстық топ мүшелері мен оларға қамқоршылық еткен Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлері құрықталып, сотқа берілді.

Көп эпизодты қылмыстық іс арнайы прокурорлармен тергеліп, қылмыстық топ мүшелері 10-13 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар,  мемлекетке 4 млрд. астам шығын келген жалған кәсіпкерлік бағытында қозғалған 27 эпизодтық қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі қабылданып, кінәлі тұлғалар қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Сотталғандар  арасында тәртіп бұзушылық 6% (83-тен 78-ге), оның ішінде қаскөйлікпен жасалғаны 37% (43-тен 27-ге) төмендеген.

Түрме реформалары жобаларын  жүзеге асыруға аса назар аударылды.

Түзеу мекемелерінде 12 өндіріс орындары, сонымен қатар, кірпіш өндіру зауыты ашылды.

ЗК-169/5 мемлекеттік мекемесінде (қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме) «Ержас» ЖШС-мен шағын  қыш шығару цехы ашылып, 16 сотталған жұмыспен қамтылған.

Сондай-ақ,  40 сотталғанды жұмыспен қамтуға жоспарланған осындай өндіріс орнын «Жалғасов» ЖК-мен іске қосылу  сатысында, 40 сотталушыны жұмыспен қамту жоспарлануда.

Жұмыспен қамту 75,2% құрады.

Жеңіл жазаға ауыстыру туралы қаралған  300 өтініштің 244  қанағаттандырылып, 81,3% құрады.

Сотталғандардың өтелмеген жазаларын айыппұлға ауыстыруды кеңінен қолдану қамтамасыз етілді.

Нәтижесінде, сотпен 92 сотталғанның өтелмеген жазалары айыппұлға  ауыстырылып, 24 500 110 теңге құрады.

Пробациялық бақылауда тұрған сотты болғандарға әлеуметтік-құқықтық көрсету бойынша жұмыстар жүргізіліп, 360–ы жұмысқа орналастырылып, квота бойынша жұмыс орны 31-ден 50-ге көбейтуге қол жеткізілді.

Үйлестіру шараларымен облыс орталығында жаза өтеу орындарынан босатылғандарға арналған оңалту және әлеуметтік бейімдеу Орталығы ашылып, барлығы 134 адамға әлеуметтік көмектер көмектер көрсетіліп, оның ішінде 39-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды.

14.12.2016 жылы күшіне енген ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты «Рақымшылық туралы» Заңы 6 айға дейін қолданылады.

Рақымшылық қолдануға жататын 574 сотталғанның қазіргі уақытта сотпен 10-ы босатылды.

Сонымен қатар, рақымшылық заңы аясында 234 қылмыстық құқықбұзушылықтар бойынша сотқа дейіңгі тергеп-тексеру өндірістен қысқартылды. Олардың 118-і онша ауыр емес, 32-і ауырлығы орташа қылмыстарды, 84-і қылмыстық теріс қылықтарды құраған.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

          

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу