Қызылорда облыстық прокуратурасымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметінде бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуына және дәрілік заттармен қамтамасыз ету барысындағы заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізді. (Брифинг.11.08.2014 жыл)

11 тамыз 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облыстық прокуратурасымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) 2013 жылғы және 2014 жылдың өткен мерзіміндегі қызметінде бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуына және дәрілік заттармен қамтамасыз ету барысындағы заңдылықтың сақталуына жоспарлы тексеру жүргізілді.

Тексерумен мемлекеттік бюджеттің 100 млн. астам теңгесін негізсіз жоспарлағаны, өрескел заңдылықты бұзушылықтардың салдарынан науқас балаларға тегін дәрілік заттар берілмей отырғандығы, 50 млн. астам теңгеге дәрілік заттардың жарамдылық мерзімінің өтуінен пайдаланбай қалғандығы анықталды.            

Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабына сәйкес, республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы.

Сол сияқты, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 87-бабында мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына дәрілік заттардың қолжетімділігіне, сапасына, тиімділігі мен қауіпсіздігіне кепілдік беретіні айқындалған.

Дегенмен, бюджетті жоспарлау кезеңінен бастап, науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз етуге дейінгі Басқарманың қызметінде оған тікелей жүктелген міндеттері тиісінше атқарылмай, республика азаматтарының алдында мемлекет кепілдігінің бұлжытпай орындалуы бұзылған.

Атап айтқанда, республикалық бюджет қаражаты есебінен науқастарды емдеуге сатып алынған 51,9 млн. теңге болатын заттардың жарамдылық мерзімі өтіп кеткендігі, ал 73,2 млн. теңге заттарының жарамдылық мерзімінің өтуге жақындағаны анықталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15.12.2009 жылғы №2135 қаулысымен бекітілген «Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы» Ережесінің 9-тармағында медициналық ұйымдарындағы дәрілік заттарға қажеттілік өткен жылдағы дәрілік заттардың нақты тұтынылуын, келесі қаржы жылының 1 қаңтарына болжанып отырған қалдықты ескере отырып анықталатыны көзделген.

Осы Ереженің 15-тармағына сәйкес, қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет медицина ұйымдарында сақталатын дәрілік заттарды түгендеу жүргізілуі тиіс.

Осыған қарамастан, Басқарманың лауазымды тұлғалары 2013 жылы сатып алынуға жататын дәрілік заттар қаншалықты қажеттілігін талдамай, олар алынғаннан пайдалануы бақылаусыз қалып, жыл аяғына түгендеу жүргізбей, қазіргі уақытқа 50 млн. астам теңгеге салғырттық танытқандығы байқалады.

Аталған факті бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін жинақталған құжаттар құзырлы органдарға жолданды.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу