Мектеп оқушыларының улану дерегі тіркелді (Брифинг. 20.09.2016 жыл)

20 қыркүйек 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

19.09.2016 жылы сағат 19:05 минутта Қызылорда қалалық ішкі істер Басқармасының «102» номеріне Тасбөгет кентіндегі №176 мектептің 10 оқушысының тамақтан уланғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Алдын ала зерттеулер бойынша оқушылардың улануына кәмпит себеп болуы мүмкін. Оқиға орнына жедел қызмет, қала прокурорының орынбасары және кезекші прокурор барды.

Орын алған «белгісіз затпен улану» жағдайына байланысты қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма мамандарынан шұғыл түрде 2 топ құрылды. Бір топ мектепте, екінші топ жұқпалы аурулар ауруханасында эпидемиологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына барлығы 12 оқушы түсіп, олардан тиісті сынамалар алып, облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің зертханасына жолданып, 6 бала «аурухана жатқызылса, 6 оқушы ОЖАА-мен тексеріліп, алғашқы көмек беріліп, үйлеріне қайтарылды.

Оқиға Тасбөгет полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасыгың қылмыстық кодексінің 304-бабының 1-бөлігімен (Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сотқа дейінгі өндірістің барысы облыс прокурорының жеке бақылауында 

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу