Облыстық прокуратура органдарымен жер қатынастары заңналамаларының сақталуына тексеру барысында заңбұзушылықтарды анықтады. (Брифинг.23.04.2014 жыл)

23 сәуiр 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыстық прокуратура органдарымен облыстың жергілікті атқарушы органдарының 2012-2013 жылдардағы қызметінде Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалары талаптарының сақталуына тексеру жүргізілді.

Тексерумен орын алуы жүйелі түрге айналған заң бұзушылықтар, оның ішінде өтініштерді есепке алу, қарау, жер учаскелерін табыстау және пайдалану мен одан туындайтын төлемдердің өтелу кезінде және жер учаскелерін қайтару кезінде заң нормаларының бұзылатыны белгілі болды.

Қысқаша тоқтала кеткенде, облыс көлемінде инфрақұрылымы дайын бос алаңдардың жоқтығынан бүгінгі таңда облыстың 50 мыңға жуық тұрғындары сұралған жермен қамтылмағаны, Кодекстің талабына сәйкес, елдi мекеннiң бас жоспарлары негiзiнде орындалған егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары және құрылыс жобалары болмаса жер учаскесін беруге тыйым салынатынына қарамастан облыс аумағында 3 қала, 11 кент, 131 ауылдық округтердің құрылыс жобалары немесе толықтай егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары әлі де болса жасалмағаны, сол сияқты 36,8 млн.теңгеге орындалған егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында көзделмеген құрылыстар үшін («СПМК-70» және «Ипподром» тұрғын аудандарында) 54 жер учаскелері табысталуына жол берілгені және жергілікті атқарушы органдармен жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін табыстау жөніндегі өтініштерді тіркеу, қарау және шешу кезінде Жер кодексінің 43-бабының талаптары сақталмайтыны белгілі болды.

Мысалы, Ақсуат ауылдық округінде жер учаскесін алу үшін арыздарының тіркелгені туралы анықтамасы бар 200-ге жуық азаматтардың өтініштері негізсіз есепке алынбаса, Қызылорда қаласының 7 мың тұрғынына жер комиссиясының оң қорытындысы қабылданған арыздар арнайы есепке негізсіз алынып, жеке тұлғалардың заңмен қорғалған конституциялық құқықтарының шектелуіне жол берілген.

Облыстың жергілікті атқарушы органдарымен бөліп беруге арналған алаңдардың дайындығы, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімі және жер учаскесін алған азаматтардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тоқсанына бір рет олардың тізімі мен ақпараты арнайы стенділерге немесе бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланбай, Кодекстің 43-44 баптарының талаптары бұзылған.

Сонымен қатар, Арал қалалық әкімдігімен Кодекстің 48-бабының талаптарын бұза отырып, «БТА Банкі» АҚ-на 6,0 ш.м. жер учаскесі аукционсыз табыстау туралы қаулысының күші аудандық прокуратураның наразылығы негізінде жойылса, Қармақшы ауданында жер учаскесіне құқық беретін 2 түрлі актісі көрнеу заңға қайшы әзірлену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сол сияқты, Қарауылтөбе ауылдық округінің бұрынғы әкімі Исаевтың 2010 жылғы 21 мамырдағы №14 шешімінің қосымшасындағы 4 азаматтың орнына кезекте жоқ басқа 4 азамат заңсыз енгізіліп,соңғыларға кадастрлық бағалау құны 437 000 теңгені құрайтын жалпы көлемі 3800 шаршы метр болатын жер учаскелері табысталу дерегі бойынша қалалық прокуратурамен бұрынғы аул әкіміне қатысты ҚР ҚК-нің 307-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.

         Облыстың жергілікті атқарушы органдары тарапынан жеке меншікке немесе пайдалану құқығы табысталған жер учаскелерінің сатып алу қаржысы, оның тұрақсыздық айыптары, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерінің шығасылары төленбейтіні, тиісінше оған мәжбүрлеп өндіру шаралары жасалмай, мемлекеттік мүдделері қорғалмайтыны белгілі болды.

         Тексерулердің нәтижесі көрсеткендей, облыс көлемінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді басқа мақсатта пайдаланудан туындаған 384 млн. теңге қаржы және жер телімдерінің жалдау құқығын сатудан түскен 90 млн. теңге қаржы өндірусіз қалғаны анықталды.

         Енгізілген прокурорлық ықпал ету актілерінің қаралу қорытындысымен бүгінгі күнге 97 466 506 теңге қаржы мемлекеттік бюджетке өндірілсе, жер қатынастары бөлімінің 2 басшысы, облыстық жер қатынастары басқармасының маманы және аудандық бөлімдердің 2 мамандары сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәртіптік жазаға тартылды.

         Облыс көлемінде құрылыс салуды реттейтін ереженің болмауынан қала көлемінде құрылыстар ретсіз, қала көрінісі мен сәулетіне кері әсер тигізетін, жаяу жүргіншілерге кедергі келтіретін құрылыстардың жиілеп салынуына жол берілген.

 Сонымен қатар, іріктеп жүргізілген талдау нәтижесі көрсеткендей жекелеген құрылыстар қызыл сызық үстінде, нысаналы мақсаты өзгертілмей кәсіпкерлік мақсатта пайдалану және жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу деректері анықталды.

Өз бетінше иеленіп алу жер қойнауын пайдаланушылармен де жол берілетіні бекітілді.

Сонымен қатар, жалдау мерзімі аяқталған ауыл шаруашылық мақсатындағы 3 607 га. жер учаскесі 39 жер пайдаланушылармен қалпына келтіріліп, мемлекетке кері қайтарылмағаны белгілі болды.

  • емлекет мұқтажына жер телімдері көтеріңкі баға сатып алынған.

Мысалы, «Б» ЖШС-нің 9 129 800 теңгеге сатып алған 4 жер учаскесі Кодекстің 96-бабының талаптары бұзылып, негізсіз 9 253 500 теңге артық, яғни 18 383 232 теңгеге мемлекет мұқтажына өтем төлеу арқылы алыну дерегі анықталып, тергеу алды тексерулерді жүргізіп, процессуалдық шешім қабылдау үшін қаржы полициясына жолданды.

Сол сияқты, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тасжолы құрылысына қажетті жер учаскесінің бойынан азамат А.Қазтайға Ақсуат ауылдық округі әкімінің (Қ.Естаев) 03.12.2010 жылғы №170 шешімімен жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі негізсіз табысталу дерегі орын алған.

         Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан сапасыз жүргізілген алдын ала таңдау жұмыстарының нәтижесінде бір жер учаскесі қабаттасып табысталуына жол беріліп меншік иелерінің сот тәртібімен шағымдануына жол берілсе, құны тең учаскесін табыстау туралы сот шешімдері орындалмай, прокуратура органдарына шағымдануына жетуде.

Сол сияқты, қала көлемінде гараждар, контейнерлер, дүңгіршектер жер учаскелерін рәсімдеп алмастан ретсіз орналасуда. Бұл орындар қылмыс жасауға ыңғайлы орнына айналып, кәмелетке толмаған қызды зорлау дерегі орын алған.

Игерілмеген жер учаскелерін мемлекетке мәжбүрлеп алу туралы 2013 жылы облыс бойынша жер инспекциясына енгізілген 7 ұсыныстың қаралу қорытындысымен бүгінгі таңда облыс көлемінде кадастрлық құны 25 344 560 теңге болатын 565 га. жер учаскесі, оның ішінде 553 га. ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер игерілмеуіне байланысты кері қайтарылды. 

Бұл заң бұзушылықтардың орын алуы жергілікті атқарушы органдармен Кодекстің 14-1-бабының талабына сәйкес жүктелген құзыреттерін дұрыс деңгейде орындамаудан орын алған.

Жалпы осы тексерумен облыстық прокуратураның қылмыстар туралы арыздарды есепке алу кітабына 4 деректер тіркеліп, оның 1-уі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде болса, 3 дерек бойынша тергеу алды тексерулер жүргізілуде. Сонымен қатар, облыстық прокуратурамен 1 қылмыстық іс қозғалып, мемлекеттік бюджетке 97 466 506 теңге қаржы өндіріліп, 5 мемлекеттік қызметкерге сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәртіптік жазаларға тартылды.

Бұл тексеру қорытындысы облыстық прокуратура және облыс әкімдігімен бірлескен түрде облыс әкімдігінің мәжіліс залында көшпелі алқа мәжілісі облыс әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі облыстық комиссияның отырысында өткізілді

Қаралу нәтижесімен жергілікті атқарушы органдарға орын алған заң бұзушылықтарды 2014 жылдың қыркүйек айына дейін жою тапсырылып, қорытынды тексеру қазан айында жүргізу белгіленді. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу