Сотталушыларды жұмыспен қамту мәселесі бас назарда. (Брифинг. 16.10.2014 жыл))

16 қазан 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облыстық прокуратурасы бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталушылардың құқықтарының сақталуына баса назар аударып келеді.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру арқылы елдегі қылмыстылық пен түрмедегілердің санын азайтып, ең төменгі стандартты жеткізуді қамтамасыз ету.

Қылмыс жасап, сот үкімінің негізінде белгілі бір уақытқа қоғамнан оқшауландырылған азаматтарды түзеу мекемелерінде тәрбиелеп, қоғамға қайта қалыптастырып, отбасына оралтудың маңызы зор.

Еліміздегі құқықтық реформа мен саясатты ізгілендіруге байланысты түзеу мекемелеріндегі жазаларын өтеуші сотталғандарды ақылы жұмыспен қамтуға бағытталған «Сотталғандарды ақылы еңбекпен қамтылуы – олардың түзелу жолына түсу кепілі» туралы серпінді жоба қабылданды.

Жобаның негізгі мақсаты түзеу мекемелеріндегі сотталғандарды ақылы жұмыспен толық қамтамасыз ету үшін құзырлы мемлекеттік органдарды және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жаңадан өндіріс орындарын ашуға кешенді шаралар қабылдау болып табылады.

2014 жылдың есепті мерзімінде сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында өндіріс көздерін ашу бағыты бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, ЗК-169/5 мекемесінің өндірістік аймағында «НұрМад» жеке кәсіпкерімен (бұдан әрі-ЖК) қол өнер бұйымдарын жасайтын цех ашылып, 12 сотталған  жұмысқа орналастырылды.

Қазіргі уақытта цехта сұранысқа байланысты ағаштан жасалған қол өнер бұйымдары  (домбыра, нарды, кеме, сандық т.б) жасалуда.

Ал, «Ас-КА» жауапкершілгі шектеулі серіктестігімен (ЖШС) тігін цехы  және қол өнер бұйымдарын жасайтын цехы ашылып, жалпы 24 сотталған жұмыспен қамтылған. Олардың ішінде, тігін цехында 16 сотталған жұмыспен қамтылып, арнайы жұмыс киімдері тігілсе, қол өнер бұйымдарын жасайтын цехында 8 сотталған жұмыс істеуде. Негізінен, цехта ағаштан жасалған қол өнер бұйымдары  (домбыра, нарды, кеме, т.б) жасалады.

Сондай-ақ, «Сымбат-7» ЖШС-мен дәнекерлеу цехы ашылып, 19 сотталған жұмысқа орналастырылып, цехта темірден  жасалған қақпалар  шығарылуда.

«Еңбек» РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалына 68 сотталған жұмысқа орналастырылған. Дәнекерлеу цехында-12 сотталған, наубайханада-4 сотталған, ағаш цехында- 7 сотталған, тігін цехында-3, 42 сотталған әр түрлі жұмыстарда.

ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтейтін сотталғандардың жұмыспен қамтылуы қамтамасыз етілген.  

Белгілі бір жұмыспен қамтылған сотталған жүктелген жұмысын тиянақты атқарған жағдайда жаза өтеу орнынан сот үкімімен белгіленген мерзімнен бұрын босап шығу мүмкіндігі туындайды.

Сонымен қатар, еңбек жалақысын алып, отбасына көмек көрсетуге, мемлкетке және өзге де тұлғаларға келтірілген мүліктік залалдарын өндіруге қол жеткізеді.  

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу