Адамды азаптау - ауыр қылмыс

13 тамыз 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабында: «Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатігездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды»,-деп көрсетілген.

«Қазақстан Республикасының Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенцияға (БҰҰ Бас Ассамблеясының 1984 жылғы 10 желтоқсандағы 39/46 Қарарымен қабылданған) қосылуы» туралы  Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының талабына сәйкес «Осы Конвенцияның мақсаты үшін «азаптау» анықтамасы қандай да бір адамға одан немесе үшінші адамнан мәлімет немесе мойындау алу, ол немесе үшінші адам жасаған немесе жасағанына сезік келтірілген әрекетіне оны жазалау, сондай-ақ оны немесе үшінші адамды қорқыту немесе мәжбүрлеу үшін дене немесе адамгершілік қатты зақымдары немесе азап шегуі қасақана жасалатын немесе кез-келген сипаттағы кемсітушілікке негізделген кез-келген себеп бойынша мұндай зақымды немесе азап шегуді мемлекеттік лауазымды тұлғамен немесе ресми түрдегі басқа да адаммен немесе олардың азғырушылығы немесе олардың келісімімен немесе үнсіз келісу бойынша келтірілетін кез-келген іс-әрекетті білдіреді»,-делінген.

Сонымен қатар, аталған Заңның 2-бабының талабына сәйкес «Қатысушы мемлекеттің әрқайсысы өзінің заңи құзырындағы кез-келген аумақта азаптаулар актілерінің алдын алу үшін тиімді заңнамалық, әкімшілік, сот және басқа да шара қолданады»,-деп бекітілген.

Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының (бұдан әрі-ҚІІБ-ның) криминалды полиция бөлімінің бір топ қызметкерлері 2015 жылдың қаңтар айының 12-күні Қызылорда ҚІІБ-ның криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілдері А.Шәмбілов, Б.Шохатаев және Е.Қожатаев қылмысты мойындату мақсатымен күдікті Д.Достановқа қасақана тән және психикалық зардап шектіріп, азаптауға алдын ала сөз байласқан.

Нақтыласақ, А.Шәмбілов ішкі істер бөліміне шақыртумен келген Д.Достановты қызметтік бөлмеге кіргізіп, ол жерде өзінің сыбайластары Б.Шохатаев пен Е.Қожатаевтармен бірлесіп, оған 8 шелек эмульсияны ұрлағанын мойындатуға қасақана әрекеттер жасап, дене жарақатын келтірген.

Осы уақытта Б.Шохатаев қылмысты мойындамайтын болса, одан әрі қинай беретінін айтып, психикалық қысым жасаған соң, жедел уәкілдердің заңсыз әрекеттерінен келтірілген тән және психикалық азабына шыдамаған Д.Достанов өзінің жасамаған Қызылорда қаласы, «Ақмешіт» мөлтек ауданы, №24 үйдің 9-подъезіндегі жертөлесінен «Латона» ЖШС-не тиесілі сиымдылығы 25 литрлік 8 шелектегі эмульсияларын ұрлағанын мойындауға мәжбүр болып, азаптау әрекеттерінен тезірек құтылу үшін өзінің үйіне әпкесі үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін әкеліп қойған, қылмыс оқиғасына еш қатысы жоқ, 15 литрлік 1 шелектегі эмульсияны полиция қызметкерлерінің талап етуі бойынша айғақ ретінде берген.

Бірақ, осы ұрлық бойынша тіркелген қылмыстық істі тергеу барысында Д.Достановтың қылмысқа қатыстылығы дәлелденбегендіктен, ол жөнінде қылмыстық қудалау тоқтатылған.

Аталған фактіге байланысты жәбірленуші Д.Достановтың облыстық прокуратураға арызданып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Облыс прокурорымен аталған фактіге байланысты тергеу жүргізу арнайы прокурорлар басқармасына жүктелген.

Азаптау қылмысының латентті (жасырын) қылмыстар санатына жататындығына қарамастан арнайы прокурорлар басқармасының уақытылы, жан-жақты және объективті тергеу жүргізуінің нәтижесінде Қызылорда ҚІІБ-ның жедел уәкілдерінің қылмыстық әрекеттері салдарынан Д.Достановтың психикалық зардап шегіп, конституциялық құқықтарына елеулі зиян келгені толығымен дәлелденіп, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолдануы қамтамасыз етілді.

30.06.2015 жылғы сот үкімімен сотталушылар А.Шәмбілов, Е.Қожатаев және Б.Шохатаев Қазақстан Республикасының ҚК-нің 146-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша азаптау қылмысын жасағын үшін кінәлі деп танылып, 3 (үш) жыл мерзімге мемлекеттік және құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 3 (үш) жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

Аталған сот үкіміне сотталушылар тарапынан апелляциялық шағым келтіріліп, Қызылорда облыстық соты, қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 04.08.2015 жылғы қаулысымен шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.

 

Нұрмағанбетов Батырбек Қабылбекұлы

Қызылорда облысы прокурорының

комекшісі-криминалист

кіші әділет кеңесшісі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу