Алаяқтық әрекеттер тыйылар емес

09 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алаяқтық әрекеттер тыйылар емес - 1941022156

      Қызылорда қалалық прокуратурасымен алаяқтық қылмыстарға қарсы бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, тұрғындарды жылжымайтын мүлікті сатып алуда күмәнді келісімдерден сақ болуға шақырады.

      Статистикалық мәліметке сүйенсек, Қызылорда қаласының №2 сотына түскен 505 қылмыстық істің ішінде 101-і осы алаяқтық қылмыс ретінде тіркелген. Яғни, соттармен қаралған әрбір 5-ші іс алаяқтық қылмыстар.

      Себебі азаматтардың басым бөлігі оңай жолмен тұрғын үй алып қалуға үміттеніп, алаяқтардың арбауына түсіп қалады.

      Мәселен, Ә.К. есімді азаматша 2016-2018 жылдар аралығында барлығы 58 жәбірленушіні «Қызылорда қаласының аумағында салынып жатқан үйлерден пәтер алып беремін» деп алдап, олардың сенімдерін теріс пайдалану жолымен бірнеше рет ірі мөлшерде мүліктерін жымқырған. Алаяқтық қылмыстық әрекеттерінен жәбірленушілерге 66 453 000 теңге көлемінде мүліктік зиян келтірілген. Мұндай алаяқтық әрекеті үшін Ә.К. сот үкімімен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

        Алаяқтық қылмыстардың басым көпшілігі нәзік жандылармен жасалуда.

       Атап айтқанда, Қ.М. есімді азаматша сенімді теріс пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін иемденіп, оңай жолмен ақша табу мақсатында 2017-2019 жылдар аралығында 27 жәбірленушіге өзінің Қызылорда қаласының әкімшілігінде қызмет атқаратындығын, қала аумағында жаңадан салынған көп қабатты үйлердің бірінен кезектен тыс пәтер алып беретініне сендіріп, өзінің қылмыстық іс әрекетімен 30 454 500 теңге мүліктік шығын келтірген. Осы әрекетімен Қызылорда қаласының №2 сотының 19.07.2019ж. үкімімен ҚР ҚК-тің 190-бабының 2-бөлігінің 2 тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

     Тағы бір мысал Тараз қаласының тұрғыны Ж.С. оңай жолмен пайда табу ниетімен қылмыстық пиғылын жүзеге асыру мақсатында Қызылорда қаласына келген. Қонақ үйге орналасып, қылмыстық пиғылын жүзеге асыру мақсатында кешкісін такси жалдап қаладағы емхана, аурухана, медициналық орталықтарды, мәйітханаларды аралаған.

     Қылмыстық ойын жүзеге асыруға уақыт келген кезде, мәйітхана қызметіне жүгінгендерге туыстарының мәйіттерін сойдырмай алып беретініне сендіріп, әртүрлі көлемде ақшаларын алып оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Осы қылмысы үшін Ж.С. Қызылорда қалалық №2 сотымен ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен, кінәлі деп танылып 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, қоғамнан оқшауланды.

    Алаяқтардың жәбірленушілерді алдау тәсілдері негізінен олардың ең мұқтаж қажеттіліктеріне бағытталады. Олардың негізгілері: жер телімдерін алу, жеңілдікпен пәтер алу, банктерден кедергісіз тез арада несие алу, жұмысқа орналасу.

                                                                Қызылорда қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу