Алаяқтық жолмен пайда табамын - деп сотталды

22 ақпан 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Қызылорда қалалық сотының 28 қараша 2012 жылғы үкімімен Е.К. ҚР ҚК-нің 177-бабының 3-бөлігінің «г» тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілей отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыруға, 28-бабының 4-бөлігі арқылы 312-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығына айыруға, ҚК-тің 58-бабының 3-бөлігі негізінде түпкілікті мүлкін тәркілей отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге сотталған.

Сот үкімімен сотталушы Е.К. Қызылорда қалалық ІІБ-ның Тасбөгет полиция бөлімінің криминалды полиция бөлімшесінің жедел-іздестіру тобының жедел уәкілі лауазымы қызметін атқарып жүріп, 30.07.2012 жылы Қызылорда қаласының тұрғыны Н.С-ке ұялы телефон және қыз зорлаған деген қылмыстарды мойына тағып, оған қылмыстық іс қозғайтынын оның алдын алу және оң шешім қабылдау үшін 100 000 теңге және ұялы телефонға қатысты арыз бойынша 3 000 АҚШ долларын талап еткен. 

Аталған факті бойынша Қызылорда облысы бойынша ЭСЖҚД-мен жедел іс-шаралыры ұйымдастырылып, 30.07.2012 жылы сағат 20.55 шамасында Қызылорда қаласы Абай даңғылы көшесінде орналасқан үйдың алдында Е.К. өзінің басқаруындағы автокөлігінің ішінде өзінің қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жолмен, азамат Н.С-тың сеніміне қиянат жасау арқылы, өзінің қызметтік міндетіне кірмесе де, соңғының А.Ө-нің ұялы телефонын тонауға қатысты тіркелген арызы негізінде тергеу бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеуі жүріп жатқан қылмыстық іс бойынша, тергеушісі арқылы оң шешім қабылдайтынын айтып  алдап сеніміне кірген. Осы шешімді қабылдату үшін тергеушіге және Қызылорда ҚІІБ-ның басшыларына 450 000 теңге ақша беру қажеттігін айтып пара беруге азғырып, 400 000  теңге  ақшаны  алып, қалған 50 000 теңгені ертесіне, яғни 31.07.2012 жылы түске дейін алып келуін тапсырған.

Сол күні Қызылорда облысы бойынша ЭСЖҚД-нің қызметкерлерімен сағат 21.10 шамасында Қызылорда қаласы, Төле би көшесімен Жеңіс көшесінің қиылысында Е.К-ның басқаруындағы автокөлігі тоқтатылып, оқиға болған жерге тексеру жүргізу барысында, автокөліктің алдыңғы екі орындығының ортасында жатқан Е.К-ның қызметтік күнделігінің ішінен арнайы ұнтақпен өңделген және арнайы қаламмен «ПАРА» деп жазылған 400 000 теңге ақша анықталып, айғақты зат ретінде алынған.

Сөйтіп, Е.К. мемлекеттік функциялар атқаруға уәкілетті лауазымды адам бола тұра, өзінің қызмет бабын пайдаланып, алаяқтықпен бөтеннің мүлкін сенімге қиянат жасау арқылы алған және мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті лауазымды адамға пара беруге азғырғаны үшін сотталған.

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу