«Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігі жаңа ғимаратқа көшті.

28 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігі жаңа ғимаратқа көшті. - 545640341

   Қызылорда облысының Қармақшы ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларды еңбекке баулу, қол өнерін үйрету, әрбір баланы қарым-қабілетіне қарай тәрбиелеу мақсатында  «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді.

    Ағымдағы жылдың көктемінде облыс прокуроры Н. Бижанов аудандарды аралау барысында Жосалы кентінде болған кездесуде бірлестік ұжымы атынан жеке  ғимаратқа көшкісі келетіндері туралы өтініш айтылды. Бұл мәселе бірнеше жылдан бері шешімін таппай келген.  

   Осыдан кейін облыстық прокуратураның ықпалымен жергілікті атқарушы орган тарапынан шеберхананы орналастыруға  ғимарат бөлу мәселесі шешіліп, бірлестік ұжымы тамыз айының соңында таза, жаңа орынға қоныс аударды.

   «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігі ұжымы қайырымды істің басы-қасында болып, нәтижелі шешілуіне ықпал еткен облыс прокуроры Н. Бижановқа алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.  

    Бұдан бөлек 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күнінде қоғамдық бірлестіктің есеп шотына  прокуратура қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударып, игілікті істі еселей түскен болатын.   

Алғыс

Құрметті Нұрлан Дәуренұлы!

       Жер бетінде адам өмірінен асқан құндылық жоқ. Дүниеде көмекке мұқтаж адамдардың өмірлерін сақтауға және олардың өркендеуіне өз уақытын, бар мүмкіншілігін толықтай арнау, адамзат баласының амандығы үшін қызмет ету, тіпті сол жолда өз өмірін тәукелге арту – ізгілік атаулының биік шыңы.

    Қай заманда да өз тағдырын өзгелердің бақыты үшін құрбан ету қайырымдылықтың ең үздік үлгісі болып есептелген. Жасаған жақсылығың үшін ешбір ақы сұрамай, халықтың алғысына бөлену, жан аямай еңбек ету өзгелер тарапынан зор құрмет туғызатыны ақиқат.

Сіздің «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінің мүшелеріне қайырымдылықпен қарап оларға ден қойғаныңыз үшін алғыс айта отырып, Сізге және Сіз басқарып отырған ұжымға табыс, өзіңізге мықты денсаулық, отбасыңызға бақ-береке тілеймін.

 

                                                        «АҢСАҒАН» МШБҚБ төрайымы                                Б. Райымбаева

 

Жосалы кенті

2019 жыл

 

«Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігі жаңа ғимаратқа көшті. - 114610475

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу