Азаматтар әлеуметтік көмекпен қамтылды

07 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Азаматтар әлеуметтік көмекпен қамтылды  - 1578438675

Байқоңыр қаласы прокуратурасының ықпал ету актісімен қала тұрғындарының конституциялық құқықтары қорғалды.

Әлеуметтік көмекті алуға мұқтаж азаматтарды қолдау –мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Сол себептен прокуратура органдарымен азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмекті ұсыну заңдылығына тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.

Байқоңыр қалалық прокуратурасымен жүргізілген осындай мониторинг барысында туберкулез дертімен ауырып, емделудің сүйемелдеу сатысында ем қабылдап жүрген Байқоңыр қаласының бірнеше тұрғыны 2017 жылдан бері әлеуметтік көмекке қол жеткізе алмай келгендігі анықталды.

Әлеуметтік көмек азаматтардың жергілікті атқарушы органдарға жүгінуі немесе мемлекет атынан азаматтарға әлеуметтік қорғау мен көмекті жүзеге асыратын уәкілетті органның көмегімен тағайындалады.

Алайда Байқоңыр қаласының өзіндік ерекшелігіне, қаладағы жергілікті атқарушы органдардың болмауына және уәкілетті органның медициналық мекемемен тиісті байланысты орнатпау салдарынан бұл мәселе жылдар бойы өз шешімін таппаған.  

Қала прокуратурасымен енгізілген ықпал ету актісінен кейін ғана проблемалық мәселе өз шешімін тауып, нәтижесінде 8 азаматқа 202 000 мың теңгені құрайтын алғашқы әлеуметтік көмек төлене бастады.

Байқоңыр қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу