Азаматтардың шағымдарын сапалы қарау-құқықтарының сақталу кепілі

19 қаңтар 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Қызылорда қалалық прокуратурасы тарапынан азаматтардың, заңды тұлғалардың шағымдарын қарауда, онда көрсетілген немесе тесеруді қажет деп тапқан әрбір шағым иесінің уәждері жете тексеріліп, анықталған әрбір заң бұзушылық фактілері бойынша прокурорлық ықпал ету шаралары қабылданып отырады.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, облыс прокурорының талаптарында, алқа шешімдері мен осы саланы реттейтін Нұсқаулықтарда прокуратура органдарына түскен, немесе мәлім етілген әрбір шағымдар мұқият тексеріліп, шаралар қабылдау жүктелген.

Осы орайда қалалық прокуратура тарапынан 2012 жылы шағымдарды қарауда, азаматтарды қабылдау мен халықпен кездесулерде тиісті шаралар атқарылды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2012 жылы қалалық прокуратураға жеке және заңды тұлғалардан 2556 шағымдар түсіп, өткен жылмен салыстырғанда 5,3 % көбейген. Қаралған 11416 шағымдардың 11403 немесе 98,7% бойынша заң талаптары түсіндіріліп, 13-і қанағаттандырылған. Прокурордың жеке қабылдауында 114 азаматтар болған.

Осы шағымдарды қарау барысында анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті прокурорлық ықпал ету актілері қабылданып, заң бұзушылықтарды дереу қалпына келтіруді талап еткен 11 ұйғарым орындалып, заң талаптарына қайшы актілерге 11 наразылықтар енгізіліп, заң бұзушылықтарды жою және кінәлі лауазым иелерінің жауапкершілігін қарау жөніндегі енгізілген 45 ұсыныстардың негізінде 30 тұлғалар тәртіптік, 3-і әкімшілік жауапкершіліктерге тартылған.

Прокуратураға түскен шағымдардың 1200-і немесе 46,9% тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау саласынадғы  мәселелерді, 771-і немесе 30,1% әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау, 425-і немесе 16,6% атқарушылық өндірістің заңдылығын қадағалау мәселелері, қалған 6,4% шағымдар соттарда қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің қаралу мәселелерімен ұштасқан шағымдарды құраған.

Сол сияқты, «Нұр Отан» ХДП-нан 45 шағымдар түсіп, олар белгіленген мерзімдерде қаралып, 13-і қаралу реттілігімен басқа органдарға жолданса, 2-і бойынша жоғары органдарға ақпараттар жолданып, 30-ы бойынша заң талаптары түсіндіріліп, осы шағымдарды қарауда анықталған заң бұзушылықтар бойынша 3 прокурорлық ықпал ету актілері қолданылған.

Мысалы, аз.Г.Алпысбаеваның шағымын тексеру бойынша оның тұрғын үй қорынан тұрғын жәй алу құқықтары қалпына келтірілген.

Ұжымдық 90 шағымдар тіркеліп, олардың 63-і қаралу реттілігімен басқа органдар мен ведомстваларға жолданса, қаралған 27-і шағымдар бойынша заң талаптары түсіндірілген.

Мысалы, Қызылорда қалалық прокуратурасымен «Сұлтан» сауда орталығының бір топ сатушыларының Тоқтыбаев көшесінде орын алып жатқан сауданың қызметі жөнінде жазған шағымдары негізінде осы көшедегі саудаға берілген рұқсат құжаттарының заңдылығы тексеріліп, нәтижесінде келесі мән-жайлар анықталған.

Тоқтыбаев көшесі бойындағы сауда өткізіліп отырған жәрмеңке негізінен халық тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендету мақсатында ұйымдастырылған.

            Жалпы азық-түлік өнімдерін халыққа төмен бағада ұсыну бойынша Тоқтыбаев көшесінің бойынан жәрмеңке ұйымдастыру ҚР Премьер-Министрінің «Тарифтердің және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, оларды сатқан кезде алыпсатарлық мәмілелерді болдырмау жөнінде ұзақ мерзімді шаралар кешенін бекіту туралы» өкімі мен облыс және қала әкімдерінің азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі жөнінде өткізілген хаттамаларын орындау мақсатында көзделген.     

Сонымен қатар, жәрмеңке Елорда күні, халық тұтынатын тауарлар бағасын төмендетуге үндеген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, бас мүфти, Шейх Әбсаттар Қажы Дербесәлінің Рамазан айына байланысты үндеуін қолдау баағытында атқарылып жатқан іс-шаралар ретінде ұйымдастырылған.

Дегенмен,  «Сауда қызметінің субъектілеріне көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы»  28.11.2011-жылғы №2380 қала әкімінің қаулысына сәйкес, сауда қызметінің субъектілеріне көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар тізімі бекітілген.

Алайда, бекітілген тізімге сәйкес, Тоқтыбаев көшесі сауда жасауға рұқсат берілген арнайы орындары тізімінің қатарына жатқызылмаған.

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының талабына сәйкес, өз құзыреті шегінде сауда қызметі субьектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асыру жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жатқызылған.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 05.02.2003-жылғы қаулысының (әрі қарай - Қаулы) 5-тарауының 24-тармағына сай, осы Ереже талаптарының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

            Осыған орай, қалалық прокуратурамен арызда көрсетілген деректер бойынша Тоқтыбаев көшесінде орналасқан сауда қызметін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіру бағытында тиісті іс-шаралар атқару үшін 21.08.2012-жылы қалалық әкімдікке ұсыныс жолданып, қаралу нәтижесімен заң бұзушылықтар жойылған.

Осы мерзімде ұжымдық 132 шағымдар,  облыс прокурорының электрондық блогы арқылы 2 шағым тесіп, олар бойынша тексерулер жүргізілген.

Мысалы, Қызылорда қаласы, Айтбаев көшесінің тұрғындары облыс прокурорының электрондық блогіне түсірген шағымында жер мәселесіне қатысты жазып, Айтбаев көшесінің бойынан заңсыз жер учаскесі кәсіпкерлік мақсатта табысталып, «Сауна» құрылысы салынып жатқандығын айтқан.

Осы мазмұндас шағым қала прокурорының атына осы көшенің барлығы 45 тұрғындарынан түскен.

Жүргізілген тексеруде жер учаскелерін бөлуде құзырлы органдар тарапынан өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмағандығы анықталып, 08.11.2012 жылы енгізілген прокурорлық актінің негізінде заң бұзушылықтар жойылған, заң бұзушылықтарға жол берген лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

           Қалалық прокуратура тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы, ҚР Бас Прокурорының 20.01.2012 жылғы №4 бұйрығымен бекітілген, 06.05.2012 жылдан қолданысқа енген «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарында, ведомствалары мен мекемелерінде өтініштер мен жұмысты ұйымдастыру туралы» Нұсқаулық талаптары негізінде жүзеге асырылуда.

           Қала прокурорымен «Нұр-Отан» ХДП-ның Қызылорда қалалық филиалымен арасындағы жасалған меморандум негізінде белгіленген мерзімдерде азаматтарды жеке қабылдау шаралары өткізіліп отырады.

           Бұл қабылдауларда азаматтар өздерін толғандырып жүрген сұрақтар төңрегінде нақты жауапттар алып, тиісті ризашылықтарын білдіріп отырады.

           Шағымдарды қарау мен ондағы атап өтілген мәселелер төңрегінде заң бұзушылықтарды қалпына келтіру мен оған жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау азаматтардың конституциямен белгіленген құқықтарының сақталу кепілі болып табылады.

Осы орайда, қалалық прокуратура басшылығы азаматтар мен заңды тұлғалардығ өкілдерін қабылдау күнделікті жұмыс уақытында жүзеге асырылып отырады.

Сол сияқты азаматтар өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы «CaII- орталығы» 115 жүйесі арқылы да шағымдануларына болады.

Сонымен қатар, қазіргі таңда қылмыстық қудалауға немесе қылмыстан зардап шеккен азаматтардың шағымдарын қарау мен олардың құқықтарын қорғауға нақты шаралар қабылданып, «Полициядағы кезекші прокурор-азаматтардың құқықтарының кепілі» серпінді жобасы жүзеге асырыды.

Осы серпінді жоба облыс прокуроры С.А.Нұрпейісовтың тікелей қадағалауына алынып, әрбір прокурорларға нақты тапсырмалар берілді.

Жоба аясында қалалық прокуратурамен қалалық ішкі істер басқармасының ғимаратындағы «Кезекші прокурор» кабинеті талапқа сай жасақталып, Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының ғимаратында орналасқан бейнекамераларды басқарма ғимаратындағы «Кезекші прокурор» кабинетінде орналасқан компьютер арқылы бақылау жүзеге асырылуда.

Бұл бағыттағы жұмыстар, прокурорлық қадағалау барысы пәрменді жүзеге асырылып, азаматтардың заңмен қорғалуы тиіс құқықтарын қамтамасыз ету Қызылорда қалалық прокуратурасының назарында болады.   

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.