Қоғам жүгін жетістіктермен көтеріп келеді

20 ақпан 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербететін әйел-ана теңдігі бүгінгі жаңа жетістіктермен жаңғырған Қазақстанда жоғарғы мәртебеге ие болып, қоғам жүгін көтерер тұлғаға, ел басқарар басшыға айналды.

 Адам құқығы мен теңдігін алдынғы кезекке қоятын біздің қоғамда осылайша биазылық, әдептілік пен қоса сауатты,бастамашыл,үйестіру қабілеті жоғары қыз-келіншіктер ел дамуын өз үлесін қосып,салауатты қоғамның салтын қалыптастырып келеді.

 Бұл жөнінде Елбасы «Қазақстан-2050» стартегиясы Жолдауында «мемлекет үшін және менің жеке өзім үшін де ананы қорғау-ерекше мәселе, дей кел, «Сіздер – отбасының, демек, мемлекеттің тірегісіздер» деген болатын

Сонымен қатар жолдауда «Біз Қазақстан қыздарының сапалы білім алып, жақсы жұмысқа ие болуы және тәуелсіз болулары үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет делінгенін ел біледі.Бұл барша нәзік жандыларды құрметтеумен қатар, оларды қоғамда тең тұрғыда дәрежелі ету. Бұл үмітті біздегі әйел азаматшалар бүгіннің өзінде ақтап, елге елеулі еңбегімен көрініп жатыр.

Сондай нәзік жандылардың бірқатары жоғарғы заңдылықты қадағалау екемесі-прокуратура органдарында жұмыс жасайды. Мәселен,

Қызылорда облыстық прокуратурасындағы 128 жедел қызметкерлердің 11-і немесе 8,5% әйел қызметкерлері.

Бұл кәсіби біліктілік қасиеттеріне баға беріле отырылып, әйел қызметкерлерді жедел және әкімшілік қызметте жоғарылату, лауазымды қызметтерге тағайындау мәселесіне жете көңіл бөлгеннің  жемісі болар.

Әйтеуір мекемедегі әйел қызметкерлердің кәсіби қабілеттілігі, ұйымдастырушылық,  біліктілік қасиеттері ескеріле отырып, оларды лауазымды қызметтерге тағайындау, шендер беруге ұсыну, мадақтау шаралары ескерусіз қалған емес.

Айталық облыстық прокуратурадағы 11 жедел әйел қызметкерлердің 1-і аудан прокуроры, 3-уі облыс прокурорының аға көмекшісі, 1-уі облыстық прокуратураның басқарма аға прокуроры, 1-уі облыс прокуратураның басқарма прокуроры, 5-і қалалық прокуратурада аға көмекші. Ал шендеріне келетін болсақ, Әйел жедел қызметкерлердің 1-уі аға әділет кеңесшісі,  2-уі кіші әділет кеңесшісі, 2-уі 1-сыныпты заңгер, 3-уі екінші сыныпты заңгер, 2-уі 3 сыныпты заңгер  шендерінде.

Бүгінгі күні жедел әйел қызметкерлердің 1-і «Прокуратура органының құрметті қызметкері» атағы беріліп мадақталса, 1-уі 1-ші дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, 1-уі 1-ші дәрежелі  «Прокуратура озаты», 2-уі 2-ші дәрежелі  «Прокуратура озаты» кеуде белгілерімен марапатталған.

Мәселен, әйел қызметкерлерді қызметте жоғарылату, лауазымды қызметтерге тағайындау негізінде, тәжірибесі, іскерлік, кәсіби біліктілік, ұйымдастырушылық қасиеттеріне баға беріле отырылып, 2012 жылдың қазан айында облыстық прокуратураның сотта мемлекет мүддесін білдіру басқармасының бастығы Жұмағұлова Хатиша Сағатқызын Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бұйрығымен  Жалағаш ауданының прокуроры қызметіне тағайындалды. Хадиша Сағатқызы ширек ғасыр уақыт бойы облыс прокуратура органдарында абыройлы қызмет етіп келе жатқан жан.

Облыс аумағында әйелдердің азаматтық белсендігі мен саяси біліктілігін арттыруға бағытталған «Қанатты әйел» ойлар мен идеялар жәрменкесі ұйымдастырылып, «Еңбек рыногындағы гендерлік мәселелер», «Аймақтағы демографиялық саясаттың жағдайы» т.б. тақырыптарда  гендерлік теңдік мәселесі жөнінде өткізілген 5 семинар-тренинг прокуратура органының әйел қызметкерлері қатысып, ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстар жасады.

Аталған іс-шараларда қазіргі заманғы қазақстандық қоғамдағы әйелдердің мәртебесін көтеру және ролін күшейту, отбасы институтын нығайтумен қатар гендердік саясатты іске асыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Міне, осылайша заңдылықты қорғау саласында да әйел қызметкерлер өздерінің іскерлік тәжірибелерімен үлес қосып жатса, ал  олардың еңбегіне қызметте жоғарылату, лауазымды қызметтерге тағайындау,марапаттарға ұсыну арқылы баға беріліп келеді.

 Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу