Көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапқа тартылды

07 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапқа тартылды - 918993879

     Шиелі аудандық прокуратурасымен шетел азаматтарының заң талаптарын орындауы қатаң бақылауға алынған. Жыл басынан 700 еңбек мигранты тіркеліп, аталған тұлғаларды медициналық тексеруден өткізу барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталған.

      Тек бір мысал, талдаумен анықталған аурухана қызметкерлерімен заңсыз медициналық анықтамалар әзірлеу дерегі бойынша жинақталған құжаттар аудандық прокуратурамен қылмыс ретінде тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу үшін аудандық полиция бөліміне жолданған.       Сонымен қатар ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығында шетел азаматтарымен Қазақстан Республикасының заң талаптарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде 7 Өзбекстан азаматы әкімшілік жауапқа тартылған.

       Жалпы аудан аумағында шетел азаматтарына қатысты жұмыстар жүргізілуде және үнемі аудандық прокуратураның бақылауында.

Шиелі ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу