Қызылорда облысының прокурорларына тұрғындардың сенім деңгейі 89,2% құрады

31 қаңтар 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Құқық қорғау органдары жүйесінде кеңес кезеңінің сипаты сақталған әдісі арқылы қылмыстылық және құқық бұзушылықпен күресу бұл – оның себептерімен емес, салдарымен күресу болып табылады. Бұған дәлел, құқық қорғау органдарының жұмысын, оның ішінде прокуратураның жұмысын тікелей байланыста болатын азаматтардың ой-пікірімен емес, сандық көрсеткіштермен бағалаулары дәлел бола алады. Бұл тәжірибе мәселелерді шешуге тиімді болмады. Тұрғындардың арасында түсініксіз болып, нәтижесінде олардың сенім деңгейіне әсер етті.

Ахуал 2016 жылдың екінші жартыжылдығынан, яғни прокуратура органдарының жұмысына «жобалық менеджментті» енгізу кезеңнен өзгерді. Жаңа әдіс жұмыс барысында басым бағыттарды дұрыс қоюға, күнделікті тапсырмадан стратегиялық мақсаттарды ажырата білуге, өңірдің әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде өз міндеттерін, тапсырмаларды сауатты түрде анықтауға ықпал етті.   

Прокуратураның негізгі жұмысы құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жағдайға әсер ететін жүйелі өзекті мәселелерді анықтауға бағытталған. Мүдделі органдармен бірлесіп шешімнің қадамдары және мәселелерді жоюдың мерзімдері әзірленді.

Ана мен бала өлімінің көрсеткіші бірінші орында болуы прокуратураның назарына түсті. Жобаны облыс әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырудың нәтижесінде 2016 жылдың екінші жартыжылдығында 104-тен 48-ге дейін немесе 54% түсті Бұл ретте бірде-бір босанушы ана өлімі тіркелген жоқ, ал, 2015 жылдың осы мерзімінде босану кезеңінде 5 әйел қайтыс болған еді.

Басқа да шаралармен бірге, мәселелерді шешудің ерекше түрлері қолданылды: облыстық перинаталды орталығында медицина қызметкерлерінің әрекетіне қатысты прокурорға шағымдану үшін жәшіктер орнатылды, прокуратура қызметкері емделушілер тарапынан шағымдардың болуы немесе болмауына анықтау мақсатында аптасына 2 рет облыстық перинатальды орталығына барып тұрады, сәби өлімінің әр дерегі бойынша фармбақылау Департаментінің сараптама нәтижесі процессуалдық шешім қабылдау үшін ішкі істер органына жолдап отырады.

Өзге де мәселелерді анықтау үшін осы жылдың қаңтар айында прокуратураның 17 қызметкері облыс орталығындағы медициналық мекемеге барып, қызметтік және емдеу орын-жайларында болып, 200 азаматпен, оның ішінде аурухана, емхана және диспансердің емделушілеріне, келушілері мен қызметкерлеріне қабылдау жүргізді.  Медициналық көмек беруде сапа мен қол жетімділікті арттырудың, сонымен қатар, медициналық қызметкерлердің қызмет жағдайын тиісті деңгейде қамтамасыз етудің тетіктері анықталды.

Нәтижесінде, жекелеген мекемелерде арнайы кабинеттердің, мамандардың (офтальмолог, реаниматолог, анестезиолог және т.б.) жетіспеуі анықталды. Тұрғындар прокурорлардан ауруханалар мен емханаларда олардың құжаттарының рәсімдеуін жеңілдетуді мәселесін шешіп беруін сұрап, қоғамдық көлік тоқтайтын аялдамадан облыстық көпсалалы балалар ауруханасына дейінгі арақашықтық 500 метрді құрайтындығына шағымданды. Қабылдаудың нәтижесі туралы туындаған мәселелерді нақты шешу ұсынысымен бірге облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының атына жолданатын ақпараттық хат жолданды.

Балалар суициді мен білім беру мекемелеріндегі құқық бұзушылықтармен байланысты оқиғалар да назарға алында. Әзірленген жоба аясында балалар арасында суицид пен порнографияны насихаттайтын 30 интернет қауымдастығы жабылды. Оларды Қызылорда қаласының 26 мектебінің 106 оқушысы пайдаланған. Сонымен қатар, өңірдің барлық мектептері бейнекамерамен жабдықталуда,  Қызылорда мен Байқоңыр қалаларында және Шиелі ауданында орналасқан барлық мектептері жүз пайыз бейнекамералармен жабдықталды.

Оқу барысында «смартфонды» пайдалануға тыйым салу туралы 298 мектеп пен 31 колледждің Жарғыларына өзгеріс енгізілді. Алдын ала қоғамдық тыңдау  өткізіліп, ата-аналар мен мұғалімдердің келісімі алынды. Атап айтсақ, облысымыздың мектептері мен колледждерінде сәйкесінше 141 мың және 22 мың бала білім алуда. Жалпы, бұл жоба мектептерде орын алатын телефон ұрлықтарын жоққа шығарды және жасөспірімге қарсы жасалған қылмыстарды 192-ден 78-ге төмендетті.

Азаматтардың меншік құқығы қылмысы, сонымен қатар, мал ұрлығы мен алаяқтықтың алдын алуға бағытталған жобалар да оң нәтиже берді, 2015 жылмен салыстырғанда 22-ге немесе 26,8% азайды. Мысалы,  бейнероликтерді көрсету, үнпарақтар мен билбордтарды орналастыру арқылы тұрғындады алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы ақпараттандарылуы қамтамасыз етілді. Сотты болған алаяқтардың тізімі халыққа қызмет ететін мемлекеттік органдарға жолданып, жергілікті газеттерде бетінде жарияланды.

Жұмысшылардың еңбек жалақысыны кешіктіретін қасақана жұмыс берушілерге де ерекше назар аударылды. 2016 жылдың маусым айында 400 жұысшы алдындағы 100 млн. теңге еңбек ақыларының қарыздары үстіміздегі жылдың қаңтар айында 121 жұмысшы алдында 19 млн. теңгеге дейін азайды.   

Сот актілеріне қадағалау аясында прокурорлармен жалақы қарыздарын өндіру туралы атқару өндірісі 98% төленуі қамтамасыз етілді. Кәсіпорындар 3 мың жұмысшыға 620 млн. теңгеден жоғары қарыздарды төледі.

Сондай-ақ, құқықтық әдістер арқылы алимент борышкерлер ата-аналық міндеттерін орындады. Тек соңғы 4 айда облыстағы проблемалы алименттер қарызын 730 млн. теңгеден 270 млн. теңгеге дейін төмендетуге қол жеткізілді.

Бұдан бөлек, «пилоттық жоба» аясында тек Жалағаш ауданының өзінде алимент қарызы 85%-ға төмендеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдармен 3 мың мүгедектерден заңсыз 6 млн. теңге салық және баж салықтары өндірілгені анықталды. Қазіргі уақытта негізсіз алынған салықтар қайтарылуда.

Бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және шағымдарына жедел әрекет ету мақсатында «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасында «прокурор кабинеті» жұмыс істеуде. Демек, кәсіпкерлер қадағалау органының өкіліне мемлекеттік органның әрекетіне шағымдануға мүмкіндігі бар немесе құқықтық көмек ала алады.

Бекітілген кестеге сәйкес, жеке қабылдау облыс прокурорымен – айына бір рет, облыс прокурорының орынбасарлары – айына екі рет, әр апта сайын облыстық прокуратураның басқарма бастықтары қабылдау жүргізеді.

Осы тектес «прокурор кабинеті» облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық құрылымдарында ашылып, аудан прокурорлары жеке өздері қабылдау жүргізеді.

Ауданның әкімшілік орталықтарында «Прокурор түсіндіреді» акциясының аясында 95 іс-шара өткізілді.  

Уәкілетті органдардың алдына кәсіпкерліктің түрлі саласындағы әкімшілік кедергілерді алу жөнінде, атап айтсақ, бақылаушы органдардың тексеру парақтарындағы сұрақтарды қысқарту, жоспардан тыс салық тексерулерінің тағайындау тәртібі, жер және экологиялық заңнамалар талаптарын жетілдіру ұсынысқа бастамашы болды.

Біртектес салық органдары тарапынан тәжірибенің жоқтығын есепке алмау салдарынан  16,4 млн. теңге лицензиялық алымдарды заңсыз өндірген. Осының негізінде 192 кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Облыс әкімдігімен 7 шаруа қожалығына негізсіз бас тартылған 10 млн. теңге субсидияның төленуіне қол жеткізілді. Жалпы алғанда, қабылданған шаралар бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттерінен 245 кәсіпкерді қорғап, олардың кәсіпкерлік қызметтерін жүргізу құқықтары қамтамасыз етілді.

Олардан 5 алғыс хат келіп түсті. Оның бірі монополияға қарсы органдарымен жосықсыз сипаттағы бәсекелестігі үшін заңсыз әкімшілік жауаптылыққа тартылған (ӘҚБтК-нің 163-бабының 2-тармағы), жарты миллион теңге әкімшілік айыппұл салынған үшін кәсіпкер Г.Сисеннен өз алғысын білдірді.  Прокурордың наразылығымен заңсыз қаулы жойылып, кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Облыс прокуроры ЖОО студенттерімен жеке кездесіп, сұқбаттасуды тәжірибеге айналдырған. 2016 жылдың желтоқсан айында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары мен 3-4 курс студенттері қатысқан кездесу болып өтті.

Шара барысында облыс прокуроры мемлекет дамуындағы жастардың рөліне, олардың өзіндік қалыптасу үшін қазіргі заманғы жағдай мен мүмкіндіктердің болуына, білім беру деңгейінің ықпалына, университет қабырғасында алған жеке және тәжірибелік дағдыларға, жұмыспен қамту мен мансаптық өсуге жастардың рөліне тоқталып өтті. Студенттерді Бас прокуратураның жаңа кадрлық саясаты туралы ақпарат қызықтырды.

Арызданушылармен жұмыс, әсіресе, өз сұрағын шешуде бірнеше прокурордың жеке қабылдауында болғысы келетіндермен ерекше болуыды талап етеді. 2016 жылдың 2 жартыжылдығында облыс прокурорында 113 адам жеке қабылдауда болып, заңдар түпкілікті түсіндіріліп, бір мәселемен үш немесе бірнеше рет келген  19 арызданушы өзінің негізсіз талабынан бас тартты.

Осы тектес жұмыстар қала және аудан прокурорларымен жүргізіледі.

Мысалы, «Астана-Зерттеу» қоғамдық бірлестігінің талдауына сәйкес, республика бойынша аудан прокурорларының арасында Жалағаш ауданының прокуроры С.Будықов жоғары деңгейді көрсетті. Оны аудан тұрғындарының 62,5% біледі.

Облыстық прокуратураның нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпарат агенттіктерінің сайтында кең жариялаунымен жүргізілді. Облыстық прокуратуран қызметкерлерімен барлығы 3111 іс-шара атқарылды. Оның ішінде 19 баспасөз-мәслихаты мен брифингтер, 69 семинар, 46 дөңгелек үстел, 445 халықпен кездесу болса, 1165 дәріс оқылған.

Сонымен қатар, 1355 материал, оның ішінде мерзімді басылымда 449 мақала, радиода 235, телеарнадарда 242, ақпара  агенттіктерінде 222 ақпарат жарияланса, облыстық прокуратураның ведомостволық сайтында 207 жарияланым шықты. Жергілікті «Қоғам ТВ» арнасында айын екі рет «Прокурор уақыты» бағдарламасы жүргізіледі.

Аталған жобалар мен басқа бастамалар облыстың мыңдаған тұрғынын қамту нәтижесінде прокуратура олар үшін ашықтықты, заңдылықты бұзушылықты мерзімінде анықтап, жоюды қамтамасыз етті.

Осылардың нәтижесінде «Астана-Зерттеу» қоғамдық бірлестігінің талдауымен Қызылорда облыстық прокуратурасына  тұрғындардың сенімі 89,2% құрады.

 

Халидулла Дәуешов

Қызылорда облысының прокуроры 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу