Мемлекеттік сот орындаушылардың функцияларын жеке сот орындаушылар институтына беру тиімділігі

26 маусым 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана экономикалық форумының жалпы отырысында мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы туралы баяндап берді.

«100 нақты қадам» - бұл жаһандық және ішкі сын қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары.

Онда, Заңның үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі 2-тарауындағы 27-қадамында жекеменшік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту және сот орындаушылардың мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту мәселесі қарастырылған.

Қазіргі таңдағы мемлекеттік сот орындаушылармен атқарылып жатқан жұмыстарға және олардың тарапынан орын алып жатқан заң бұзушылықтар деректеріне қарағанда, жеке сот орындаушылардың штаттық санын көбейтіп, мемлекеттік сот орындаушыларды біртіндеп қысқарту мәселесі ол өте маңызды қадам.

Жалпы, тарих қойнауына үңілсек, жеке сот орындаушылар ең алғаш рет Францияда енгізілген. Балтық елдерінде бұл жүйе өте жақсы қойылған. Эстония мен Латвия елдерінде де жеке сот орындаушысы ерте пайда болған.

Көптеген дамушы мемлекеттер үлгіні Франциядан алған. Балтық елдеріндегі заң Қазақстанда жеке сот орындаушылар институтын құруда біршама жақын болды. Үлкен бастаманы сол елдің білікті мамандарыда қоштады. Болгария секілді бірнеше мемлекеттердің заңдарын да қарай отырып, келген мамандармен бірлесе отандық жеке сот орындаушылары туралы заң жобасы осылайша дүниеге келген.

Жеке сот орындаушылар институты сот орындаудың деңгейін, сот орындаушысы мамандығының беделін қосымша бюджеттік шығындарсыз едәуір көтеруге септігін тигізеді.

Жеке сот орындаушылар институтын құруды мемлекет басшысы 2005 жылы өткен судьялардың IV съезінде тапсырған болатын.

Қазіргі уақытта жеке сот орындаушылар әлемнің 65 мемлекеті, мысалға атап өткен Франция, Белгия, Нидерланды, Италия, Греция секілді елдерде қалыптасқан.

Еліміздің  төрінен орын алған заң жеке сот орындаушылардың құқықтық мәртебесін, қоғамдық рөлін айғақтайды. Жалпы, Заң жеке сот орындаушылардың өкілеттілігін нығайтуға, жан-жақты қолдануға бағыттап отырады.

Қазіргі таңда, өңірімізде 30 мыңға атқарушылық құжаттар бойынша бар болғаны 15 мемлекеттік сот орындаушы қызметін жүзеге асырады. 

Аталған жағдай, сот актілерінің уақытылы орындалуын едәуір баяулатып кері әсерін тигізсе, кейбір жағдайларды атқару құжаттарының мүлдем жоғалу деректеріна алып келіп соқтырады. 

Мәселен, Қызылорда қаласының прокуратурасымен Қызылорда облыстық әділет департаментіне қарасты сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлімдерінің есебінде тұрған атқару өндірістерінің толықтығы мен шынайылығына тексеру жүргізіліп, тексеру қорытындысымен 1 688 785 652 теңге құрайтын 1 125 атқару құжаттары жоғалуы орын алса, жекелеген атқару құжаттары жылдан-жылға орындалмай жатқандығы анықталған.

Жалпы, қалалық прокуратурамен, 2015 жылдың басынан бері 45 заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілсе, 30 мемлекеттік сот орындаушы тәртіптік жауапкершіліктері шешілген.

Десе де, қалалық прокуратурамен жыл басынан бері енгізілген ықпал ету актісі бойынша тек мемлекеттік сот орындаушылардың тәртіптік жауапкершіліктері шешілумен шектеліп, нақты өндіру бағытында жұмыс әлі де болса мардымсыз болуда.

Қазіргі уақытта, өңірімізде жеке сот орындаушыларға 65 штаттық орын беру көзделуде. 

Осыған сәйкес, мемлекеттік сот орындаушылардың өндірістері бірте-бірте  жеке сот орындаушыларға берілсе, сот акілерінің нақты орындалуына және бұл тұрғыда  азаматтардан шағым едуір азайуына қол жеткізілетіні сөзсіз.\

 

Р.Пірназар

Қызылорда қаласы прокурорының

аға көмекшісі

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу