Пробациялық қызмет нәтижесімен қайта қылмыс жасау дерегі тыйылды

09 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Пробациялық қызмет нәтижесімен қайта қылмыс жасау дерегі тыйылды - 200174165

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасының 33-қадамында бас бостандығынан айырылған, сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтуды көздейді.

Осыған сәйкес Қазалы ауданының прокуратурасымен Қазалы аудандық пробация қызметі, Қазалы аудандық полиция бөлімдеріндегі есептегі сотталғандарды әлеуметтендіру, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандар, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар мен әкімшілік қадағалау орнатылған тұлғалардың құқықтарының сақталуы жөнінде бірқатар жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, аудандық прокуратураның бастамасымен пробация қызметінің есебінде тұрғандар мен түзеу мекемесінен босатылған сотталғандарға бақылау жүргізу және әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсету мақсатында аудан әкімдігі, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, аудандық жұмыспен қамту орталығы, аудандық полиция бөлімі, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесі және аудандық пробация қызметі бөлімдерімен жұмысшы тобы құрылды.

Жұмысшы топтың негізгі міндеттері: аудандық пробация қызметінің есебіндегілерді және түзеу мекемелерінен босатылғандарға бақылау жүргізу, әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсету, қайта қылмыс жасауға жол бермеу, жергілікті атқарушы органдарының халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы бос жұмыс орындарын ұсынушы мекеме, кәсіпорындарымен тығыз байланыстар орнатып, сотталғандардың ұзақ мерзімге және жүйелі түрде жұмысқа қабылдануын қамтамасыз ету.

Жұмыс квотасы бекітілген мекемелерге сотталғандарды жұмысқа 100% орналастыру; пробациялық бақылау орнатылған сотталғандарға жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету арқылы қоғамға қалыптастыру жұмыстарын жүргізу, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен кәсіби мамандығы жоқ сотталғандардың арасында кәсіптік оқыту және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру.

Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандарға әлеуметтендіруді оңтайландыру мақсатында аудандық пробация қызметі бөлімі есебіндегілерді тұрмыс жағдайына қарай 3 топқа: «тұрмыс деңгейі жақсы», «тұрмыс деңгейі орташа», «тұрмыс деңгейі төмен» деп бөлу арқылы жекелеген жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде аудандық пробация қызметінде 77 сотталған есепте тұрады. Оның тұрмыс деңгейі жақсысы-35, тұрмыс деңгейі орташасы-37, тұрмыс деңгейі төмені-5 адам.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша аудан көлемінде сотталғандарды жұмыспен қамту ұдайы жүргізілуде.

Мысалы, Қазалы аудандық пробация қызметі бөлімімен сотталған Қ.Е. 2018ж. жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, оған «Бастау-бизнес» жобасы аясында 252 500 теңге көлемінде мемлекеттен қайтарымсыз несие беріліп, сотталған Қ.Е. үйінің бір бөлмесінен шаштараз ашып кәсібін дөңгелетсе, сотталған М.А. оқуын тәмәмдап, ал сотталған Д.Б. кәсіпкерлік негізде оқытылуда.

Сондай-ақ пробация қызметінің есебіндегі И.И.-дің қыздарына Жаңақорған ауданындағы «Талды-Су» жазғы тынығу лагеріне 10 күнге жолдама берілген.

Сонымен қатар сотталған И.И.-ге «Астана» күніне орай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі және «Жастар» орталығы арқылы 25 мың теңге көлемінде азық-түлік түріндегі көмек көрсетілсе, сотталған У.М.-нің отбасына 10 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек берілді.

Қазалы ауданы әкімдігінің «Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына сәйкес 4 сотталған тұрақты жұмыс орындарына жіберіліп, олар өздеріне белгіленген жұмыстарды атқаруда.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңдылықтар түсіндіріліп, тұрмыс деңгейі төмен тобындағы сотталған У.М. 110 мың теңге көлемінде қаржылай атаулы көмек алса, сотталған М.Н-ның құжаттары учаскелік комиссия қаруында.

Ал ағымдағы жылдың өткен мерзімінде пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың арасынан қайталап қылмыстық құқық бұзушылық жасау деректері орын алмаған.

 

Қазалы аудандық прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу