Сыбайлас жемқорлыққа жол берген тұлға жұмыстан босатылды

21 ақпан 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Қызылорда қалалық прокуратурасымен қала аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстарына, оның ішінде бюджет қаражатының мақсатты және тиімді жұмсалуына тексеру жұмыстары жүргізілді.

Анықталғаны, Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі мен Қызылорда қалалық малдәрігерлік стансасы МКК-мен 17.02.2012-жылы және 29.03.2012-жылы «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру» қызметін ұйымдастыру туралы 9 202 000 теңгеге келісім шарт жасалып, өз кезегінде Қызылорда қалалық малдәрігерлік стансасы МКК-ы жеке тұлға А.Мейірхановпен 15.02.2012-жылы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру туралы келісім шартқа отырған.

Тексеру барысында азамат А.Мейірханов қаңғыбас иттер мен мысықтарды ату жұмыстарын жүргізіп, 6 530 ит пен 64 мысықтарды жойып, барлығы 5 692 000 теңге қаржы алғаны анықталды.

Қолданыстағы заң және келісім шарт талаптарында  қаңғыбас ит пен мысықтарды аулау көзделсе де, қазіргі кезде уәкілетті органның ұйымдастыруымен оларды қауіпті тәсілмен ату (ату жұмыстары қару қолдану арқылы жүргізілуде) жұмыстары жүргізілген.

Сонымен бірге, қалалық прокуратурамен атылған ит пен мысықтардың өлі денелерін криматорийде өртеу жұмыстарына кәсіпорында қарсы тексеру жұмыстары жүргізіліп, бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.

Нақтыласақ, «Қызылордаоңтүстікжылуорталығы» МКК-мен ұсынылған мәліметте ағымдағы жылдың қаңтар және ақпан айларында криматорийге газ отыны жұмсалмағандығы көрсетілген.

Ал, қалалық ветеринариялық стансаның бастығы Н.Төлегенов пен орындаушы А.Мейірханов қаңтар айында криматорийде 885 ит өртелгендігі, ақпан айында 1 498 ит өртелгендігі туралы актілер жасап, қол қойған.

Өртеу жұмыстарының шынайы жүргізілетіндігін анықтау мақсатында анықталғандай, 11.07.2012-жылы криматорийге өртеу жұмыстарына барлығы 10 (А.Жусупов, Н.Төлегенов және А.Мейірхановпен сол күні 27 ит ауланып, жойылғандығы туралы акт жасалған - фото және видеоға түсіру арқылы бекітілген.  Яғни, 17 итке артық көрсетілген) иттің өлі денелері жеткізілген. Яғни, жалған актілер жасалып, мемлекет қаржысының ысырап жасалуына жол берілген.

Сондай-ақ, Кәсіпорынның аумағына кірген автокөліктерді тіркеу журналында қаңтар мен ақпан айларында ит өртеу мақсатында азамат А.Мейірхановтың автокөлігі тіркелмегендігі анықталды.

Осы тұрғыда, қаңтар және ақпан айларында криматорийге газ отыны жұмсалмағандығын ескерсек, тапсырыс беруші мен орындаушы арасында жасалған актілердің шынайылығы күмән туғызады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының 12 бабының 1 бөлігінің 4-ші тармағында шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету, сондай-ақ 5 тармағында кiмге болса да табыс алуға байланысты кәсiпкерлiк және өзге де қызметтi жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық болып табылатындығы көрсетілген.

Осыған байланысты, қалалық ветеринариялық стансаның бастығы Н.Төлегенов азамат А.Мейірхановқа атқарылған жұмыстарға қаражат көлемін аудару барысында оның салық салуға жататын табыс екендігін ескермей, қаражатты толығымен аударып, иттерді жою актілеріне негізсіз қол қою арқылы заңсыз артықшылық көрсете отырып, табыс алуға жәрдем көрсеткен.

Қалалық прокураутрамен анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы қала әкімінің атына сыбайлас жемқорлық сипатында тәртіптік жауапкершілігін шешу туралы ұсыныс енгізіліп, оның қаралу қорытындысымен қалалық ветеринариялық стансаның бастығы Н.Төлегенов сыбайлас жемқорлық сипатында құқық бұзушылық жасағаны үшін қызметінен босатылған.

 Қызылорда облыстық прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу