Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

19 қаңтар 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Қармақшы аудандық прокуратурасымен қадағалау аумағында Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының сақталуына байланысты құқық бұзушылықтарды алдын алу, анықтау және олардың жолын кесу мақсатында 2012 жылдың өткен мерзімінде 10 рет тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесімен сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық болып танылатын 8 заң бұзушылықтар анықталған.

            Осы анықталған заң бұзушылықтардың негізінде аудандық прокуратурамен 5 заңдылықты бұзушылықтарды болдырмау туралы ұсыныстар енгізіліп, нәтижесімен 3 адам тәртіптік жауапкершіліктерге тартылса, 1 қылмыстық іс қозғалды.

            Атап айтқанда, «Қармақшы ауданының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесімен қызмет бабында пайдалану үшін автокөлікті жүргізушісіз жалға алу жөнінде мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылып өткізілген.

Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес, осы әлеуетті өнім берушінің басшылары және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе ұйымдастырушының өкілі болып табылса өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқылы емес.

Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адам жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қаңағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өздерінің қызметтік өкілеттігін пайдалану сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық болып табылады делінген.

Бұған қарамастан, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры А.Истибаев лауазымды тұлға бола тұра өзінің қызметтік өкілеттігін кереғар пайдаланып өзінің туған інісі жеке кәсіпкер Құндақбайұлы Нұрлыбекпен пайда мен артықшылық алу мақсатында 02.08.2011 жылы бір көзден сатып алу тәсілі бойынша автокөлікті жалдау қызметіне екі жақты келісім-шарт жасасқан.

Алайда, тексеруде анықталғандай ешқандай автокөлік жалданбағандығы, автокөлікпен қызмет көрсетілмегендігі анықталды.

Тексеру барысында жүргізілген сот-бухгалтерлік сараптамасының қорытындысына сәйкес, аудандық жұмыспен қамту орталығының директорының туған інісі жеке кәсіпкер Құндақбайұлы Нұрлыбекке келісім-шартқа сәйкес автокөлікті жалдау қызметі үшін 2011 жылдың тамыз-желтоқсан айлары аралығында 400 000 теңге төленгені бекітілген.

Аудандық прокуратурамен жүргізілген алдын ала тексеру нәтижесімен 16.07.2012 жылы А.Истибаевқа қатысты ҚР қылмыстық Кодексінің 307-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, айыптау қорытындысымен 15.09.2012 жылы аяқталған бұл қылмыстық іс негізінен қарау Қармақшы аудандық сотына жолданып, соттың 12.10.2012 жылғы қаулысымен сотталушы А.Истибаевқа қатысты қылмыстық іс «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 4-бабына сай өндірістен қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін аудандық прокуратурамен А.Истибаевтан мемлекетке келтірілген 400 мың теңгені мемлекет пайдасына өндіру туралы аудандық сотқа талап арыз келтіріліп, аталған талап арызды А.Истибаев толығымен мойындап, аудандық сотының 15.11.2012 жылғы шешімімен аудандық прокуратураның талап арызы толығымен қанағаттандырылды.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі