Үйден оқытылатын балалардың құқықтары қорғалды

22 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облысының прокуратурасы кемтар балалардың заңды өкілдеріне үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу мөлшері заң талаптарына сәйкес есептелмегенін анықтады.

Жаңақорған, Сырдария және Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері үйде оқытуға жұмсалған шығындарын кем есептеп төлеген.

Бұл ретте, үйде оқытуға жұмсалған шығындарынан өтеу мөлшерінен оқу жылының ұзақтығынан каникул кезеңдерін шегеріп, демалыс күндері үшін төлемдер жүргізбеген.

Алайда, жергілікті мәслихаттың шешімімен аталған қаржы ай сайын үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалған.

Сондай-ақ, оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу өтініш берген айдан бастап тиісті оқу жылы кезеңінде аудан бюджеті қаражаты есебінен тоқсан сайын жүзеге асырылады.

Талдаумен тоқсанның әр айы үшін 3 айлық есептік көрсеткіштен 21 645 теңге төлемдердің орнына 19 763 теңгеден төлемақы жүргізілгені анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 226 үйден оқытылатын балалардың заңды өкілдеріне кем есептелген өтемақылар қайта есептеліп, оларға 2,5 млн. теңге төленді.

Жергілікті атқарушы органдардың 4 қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу