Жаңадан қабылданған Қылмыстық Кодекстің санкциялары күшейтілді

19 маусым 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Өзімізге белгілі 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңадан қабылданған ҚР ҚК-і  қолданысқа еніп, медицина саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауаптылыққа байланысты бірқатар өзгерістер енгізілген.   

Осы енгізілген өзгерістердің бірі болып, қылмсытық кодексте медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар деген жаңа тарау пайда болып, жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен немесе медициналық техникамен жұмыс істеген үшін жауаптылық қарастырылған.

Сонымен  бірге, медицина немесе фармацевтика жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін, 3 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл мөлшері көбейтілген және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қосылған.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жағдайда, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. 

Осы жаңа қылмыстық заңнаманың қабылдануы медицина саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың төмендеуіне және азаматтардың конституциялық құқықтарының сотпен жоғары деңгейде қорғалуын қамтамасыз етеді деп күтілуде.

 

Қала прокурорының көмекшісі

Әйгерім Умирзакова  

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу